Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Сымбат / Гель-лак қолданудағы қателіктер

Гель-лак қолданудағы қателіктер

Гель-лак қолданудағы қателіктер

Гель-лак берік болып келеді, ол кептіруді қажет етпейді және кем дегенде екі апта тырнағыңызда мінсіз тұрады. Алайда оның кей ерекшеліктерін алдын ала білген жөн. Гель-лак тырнақты толықтай қаптап және тырнақтың жоғарғы қабатынан берік "ұстап" тұратындықтан, оның қабаттанып, сынуына жол бермейді. Бастысы гель-лакты қолданарда төмендегі қателіктерді жібермеңіз. 

1-қателік: Гель-лакты өздігіңізбен қарапайым құралмен кетіру

Бойжеткендердің көпшілігі гель-лакты кетіру үшін мақтаны қарапайым тырнақ бояуын кетіретін сұйықтыққа малып, оны тырнақтарға қойып, фольгамен орап, 20 минут күтеді. Нәтижесінде, лактың бір жерлері өзгеріссіз, ал кей жерлері сәл ісініп, өзгереді. Сондықтан лак тырнақтан толықтай алына қоймайды. Содан соң бойжеткендер оны егеуішпен қырып алып тастайды. Тырнақтарыңыз тегіс емес, бұжыр, кебір болып қалу себебі содан. Одан соң мұндай тырнақтарды тегістеу қиынға соғады, ол бәрібір сынғыш болып қалады. 

Ескерту: Гель-лакты салонда алдыртқан жөн немесе арнайы гель-лакты кетіретін құрал сатып алып, нұсқамасы бойынша қолданыңыз. Тырнақта қалып қойған гель-лакты металл егеуішпен қырмаңыз. 

2-қателік: Тырнақ етіне күтім жасауды ұмыту

Халық арасында тырнақ терісіне арналған май гель-лакты құртады деген қате пікір тараған. Сол пікірге сеніп, көптеген қыздар гель-лак жаққан кезде тырнақ етіне күтім жасамайды. Гель-лак тырнақты құрғатады, сәйкесінше, тырнақ еті де құрғап кетеді. Қажетті күтім жасалмағандықтан, тырнақ еті тегіс емес өсіп, маникюр түрін бұзып көрсетеді. Сондықтан тырнақ терісіне арналған майды қолдана беріңіз, оның гель-лакқа ешқандай зияны жоқ. 

3-қателік: Лак ұшынан "іліп алу"

Егер гель-лак тырнақтан сәл ашылса, қыздардың көбісі сол ұшынан ұстап, толықтай алып тастайды. Нәтижесінде, тырнақтың беткі қабатын сыпырып аласыз. Тырнағыңызды зақымдағанша, лактың ұшы ашылған кезде тырнаққа арналған желіммен қайтадан жабыстырып қойыңыз. 

4-қателік: Ультракүлгін шаммен кептіру

Иә, барлығы ультракүлгін шамнан басталды, бірақ қазір технология дамып келеді. Ультракүлгін тырнаққа, тырнақ терісіне және қол терісіне зиян келтіреді. Сондықтан көптеген кәсіби салондар ультракүлгін сәулесі бар шамнан бас тартқан. Ілгері вариант — LED-шамдар. 

5-қателік: Шамнан қолыңызды сигнал бергеннен бұрын алу

Қоңырау шалғанда немесе хат келгенде бойжеткендер асығып, құрылғы сигнал бергенше қолын шамнан ала салады. Секундтің өзі маңызды рөл ойнайды. Егер гельді қаптама тырнақта ұзақ тұрғанын қаласаңыз, оның әр қабатын толықтай кептірген жөн. 

6-қателік: Әртүрлі өндірушінің құралдарын араластыру

Бір марканың базалық лагі мен келесі марканың түрлі түсті лагі шамның астында біріктіріліп, кептірілген кезде нәтижесі қандай болатыны белгісіз. Сондықтан салонда мастер ұсынған лактардың бір маркада болуын қадағалаңыз. 

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: thebeautyspotsalon.com
Қосылған күні: 01 тамыз 2016, 14:59

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.