Арықтататын Магги диетасының мәзірі. 2-апта

Арықтататын Магги диетасының мәзірі. 2-апта
Фото: twitter.com

Магги диетасы жұмыртқа диеталарының бір түріне жатады. Мұндай атауы бәрімізге таныс сорпаға арналған текшелерге негізделгендіктен емес, осы диета түрін ойлап тапқан адамның тегіне қойылған. Магги диетасы туралы интернет желісінде оң пікірлер көптеп кездеседі. Магги диетасының артықшылықтары мен кемшіліктері туралы алдыңғы материалдан оқи аласыздар.

Магги диетасының екінші аптаға арналған ас мәзірі (Магги диетасы 4 аптаға созылады)

Дүйсенбі

Таңғы ас: 1-2 қайнатылған жұмыртқа, жарты грейпфрут немесе апельсин.
Түскі ас: дәмдеуішсіз салат (қызанақ, қияр, сәбіз, бұрыш), қайнатылған майсыз ет.
Кешкі ас: 2 қайнатылған жұмыртқа, 1 грейпфрут (апельсин), дәмдеуішсіз салат (қызанақ, қияр, сәбіз, бұрыш).

Сейсенбі

Таңғы ас: 1-2 қайнатылған жұмыртқа, жарты грейпфрут немесе апельсин.
Түскі ас: дәмдеуішсіз салат (қызанақ, қияр, сәбіз, бұрыш), қайнатылған майсыз ет.
Кешкі ас: 2 қайнатылған жұмыртқа, 1 грейпфрут (апельсин).

Сәрсенбі

Таңғы ас: 1-2 қайнатылған жұмыртқа, жарты грейпфрут немесе апельсин.
Түскі асқияр, қайнатылған немесе қуырылған ет.
Кешкі ас: 2 қайнатылған жұмыртқа, 1 грейпфрут (апельсин).

Бейсенбі

Таңғы ас: 1-2 қайнатылған жұмыртқа, жарты грейпфрут немесе апельсин.
Түскі ас:  2 қайнатылған жұмыртқа, майсыз ірімшік, қайнатылған көкөністер (сәбіз+жасыл бұршақ).
Кешкі ас: 2 қайнатылған жұмыртқа.

Жұма

Таңғы ас: 1-2 қайнатылған жұмыртқа, жарты грейпфрут немесе апельсин.
Түскі ас: қайнатылған балық (кез келген мөлшерде).
Кешкі ас: 2 қайнатылған жұмыртқа.

Сенбі

Таңғы ас: 1-2 қайнатылған жұмыртқа, жарты грейпфрут немесе апельсин.
Түскі ас: майсыз қайнатылған ет, 1 грейпфрут (апельсин), қызанақ.
Кешкі ас: жеміс салаты (алма, қауын, мандарин, апельсин, өрік).

Жексенбі

Таңғы ас: 1-2 қайнатылған жұмыртқа, жарты грейпфрут немесе апельсин.
Түскі ас: қайнатылған тауық еті (қуырылған да болады), буға піскен қызанақ немесе қайнатылған көкөністер (сәбіз+жасыл бұршақ немесе үрме бұршақ+кәді), 1 грейпфрут.
Кешкі ас: қайнатылған тауық еті (қуырылған да болады), буға піскен қызанақ немесе қайнатылған көкөністер (сәбіз+жасыл бұршақ немесе үрме бұршақ+кәді), 1 грейпфрут.

Магги диетасының бірінші аптаға арналған ас мәзірін мына жерден көре аласыздар. 

А. Жапатова