Ерінге арналған шоколад бальзамы

Ерінге арналған шоколад бальзамы
Фото: uniqhand.ru

Күн суыта бастағанда ерін ылғалдығын жоғалтып, құрғап, қабыршақтанып, жарыла бастайды. Шоколад бальзамы ерінді жұмсартып қана қоймай, жарылудан және зақымданудан сақтайды. Бұл бальзамды дайындау үшін бізге қажетті нәрселер:

- Вазелин майы;

- Шоколад;

- Даршын ұнтағы.

 Алдымен ыдысқа су құйып, қайнатыңыз. Су қайнатқан ыдыстың үстіне бальзам дайындайтын тағы бір ыдыс қойыңыз. Яғни, бальзамды судың буына дайындау қажет. Бальзам дайындайтын ыдысқа шамамен 2 ас қасық вазелин майын салып, ерітіңіз. Өзіңіз қалаған мөлшерде шоколад алып, үккіштен өткізіңіз. Шоколад толық ерігенше араластыру қажет. Даршын ұнтағын салып тағы біраз уақыт араластырыңыз. Дайын шоколад бальзамын қолдануға ыңғайлы құтыға құйып қойыңыз. 20-25 минут шамасында суытып, тоңазытқышта сақтаған жөн. 

А. Жапатова