10 минутта шоколад жасап үйреніңіз

10 минутта шоколад жасап үйреніңіз
Фото: www.prelest.com

Шоколад жегенді бәріміз де жақсы көреміз. Оның миымызға, көңіл-күйімізге әсерін жақсы білетін шығарсыздар. Алайда дүкен сөрелерінде тұрған шоколадтардың бәрі пайдалы емес екенін де ескерткіміз келіп отыр. Сондықтан шоколадты өзіңіздің үйіңізде жасап үйренгеніңіз жөн. Ол сіздің көп уақытыңызды алмайды және дайындалу жолы өте қарапайым. 

Ол үшін сізге мынадай ингредиенттер керек:

какао - 100грамм;

қант - 1 шай қасық;

кілегей майы - 50грамм;

сүт - 2 ас қасық. 

Жоғалтып алмауыңыз үшін қабырғаңызға іліп қойыңыз. 

Дайындалу жолы:

1. Сүтті кастрөлге құйып, баяу жанып тұрған отқа қойып, қайнатыңыз. 

2. Оған қант және какао ұнтағын салыңыз.

3. Содан кейін кілегей майын ерітіп, сүттің үстіне қосыңыз.

4. Жақсылап араластырып, қоспаның қайнағанын күтіңіз. 

5. Оттың үстінде шамамен 2 минут ұстаңыз. 

6. Болған соң арнайы ыдысқа салып, салқындау үшін бірнеше сағатқа тоңазытқышқа қойыңыз. 

Ас болсын!

Ж. Исакаев