Тырнағыңыздың жылдам өскенін қалайсыз ба?

Тырнағыңыздың жылдам өскенін қалайсыз ба?
Фото: rudaki.ru

Зәйтүн майының адам денсаулығына тигізер пайдасы мол. Әсіресе нәзік жандылардың сұлулығына қатысты мәселе қозғалған кезде. Өзінің ерекше құрамының арқасында ең қымбат деген дәрілерді алмастыра алады. Мұнымен қатар, өзге табиғи өнімдермен араластыру арқылы пайдалы қоспалар әзірлеуге болады.

Кез келген қыздың қолына қарап, өзін қаншалықты бағалайтынын білеміз. Тырнағыңыздың сау болып өскенін қалайсыз ба? Олай болса, тырнақ пластинасын қатайтып, кутикуланы жұмсартып, тырнақтың жылдам өсуіне пайдасын тигізетін қоспа ұсынамыз. Оны үй жағдайында әзірлеуге болады.

Оны дайындау үшін:

- зәйтүн майы;

- апельсин шырыны;

- сарымсақ қажет.

Қолданылуы:

- сарымсақ пен апельсин шырынын араластырамыз;

- осы қоспаға қолымызды 10 минутқа саламыз. Артынша 15 минут зәйтүн майына саламыз;

- аптасына 2 рет осы рәсімді қайталайтын болсаңыз, тырнақтарыңыз міндетті түрде әдемі болып өседі.

Қ. Бүйенбай