Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Тырнақ күтімі

Тырнақ күтімі

Тырнақ күтімі

Көктемде, әдетте, тырнақтарымыздың жағдайы мүшкіл болады: жұқаланып, қабаттанып, сынып та жатады. Тырнақтарыңызға сұлулық пен саулықты қайтарамын десеңіз, жалқауланбай қолыңызға маскалар жиі жасап, крем жағып, еркелетіңіз. Қол астындағы заттардан тырнақ күтіміне арналған маскаларды оқи отырыңыз. 

1. Қайнап тұрған судың үстіне кішігірім ыдыс қойып, 1 ас қасық зәйтүн майын қыздырыңыз, оған 3-4 тамшы лимон шырынын қосыңыз. Қоспаны тырнақтарыңызға уқалай отырып жағыңыз. Үстінен мақтадан тігілген қолғап киіп, бір түнге қалдырыңыз. Аптасына 1-2 рет істеген абзал. Бұл қоспа тырнақты қатайтады.

2. Жарты шай қасық үгітілген қызыл бұрышына 1 шай қасық кез келген майлы крем мен 10 тамшы су қосыңыз. Қоспаны су буына қыздырып, тырнақтарыңызға жағыңыз. Масканы 20 минутқа қалдыру керек. Уақыт өткеннен кейін қолдарыңызды жуып, қатайған тырнақтарыңызды тамашалаңыздар. Масканы айына 1 реттен жиі қолдануға болмайды. 

3. 4 г ара балауызын су буына ерітіп, пісірілген жұмыртқаның сарысын майдалап қосыңыз. Қоспа қоюланбағанша оған шабдалы майын қосып отырыңыз. Осы қоспаны күнделікті қолданып отырсаңыз, тырнақтарыңыз берік, ал қол теріңіз жұмсақ болып шығады.   


4. 1 ас қасық лимон шырынын бірнеше түйір тұзбен араластырып, қоспаны тырнақтарыңызға 20 минутқа жағып қойыңыз. Соңынан қолыңызды сумен шайып жіберіңіз. Бұл қоспаны аптасына 1-2 рет қолданса болады. Пилинг эффектісі бар бұл маска тырнақтарды тазалап, емдейді.

5. Түймедағы, түйежапырақ тамыры және шайқурай шөптерінің қоспасының 2 ас қасығын 1 стақан қайнаған суға қосып, бірнеше сағат демделуін күте тұрыңыз. Суыған қоспаны қыздырып, қайнатпаға саусақтарыңызды салыңыз. Бұл дауа тырнақтарыңызды қатайтып, қажетті заттармен қоректендіреді.  

6. 2 ас қасық бал мен 2 ас қасық зәйтүн майын араластырып, қоспаны су буына қыздырып, оның суығанын күтіңіз. Кейін оған 1 піспеген жұмыртқа қосыңыз. Қоспаны жақсылап араластырып, саусақтарыңызды 20 минутқа салып қойыңыз. Артынан қолыңызды сумен шайып жіберіңіз. 


7. Жарты ас қасық желатинді 1 стақан ыстық суда ерітіңіз. Суығаннан кейін саусақтарыңызды қоспаға 20 минутқа салып қойыңыз. Желатин тырнақтың саулығын қайтарады. Бұл дауаны аптасына 2-3 мәрте істесе болады.

8. Дәріханадан А және Е дәрумендерін сатып алып, күнделікті ұйықтар алдында оларды тырнаққа жағып отырыңыз. Бұл тырнақты берік қылады.

 

9. 1 ас қасық сұйық майын су буына қыздырыңыз, суығанын күтіп, 2-3 тамшы А дәруменін, 3 тамшы йод және жарты ас қасық лимон шырынын қосыңыз. Саусақтарыңызды қоспаға 20 минутқа салып отырыңыз. Артынан қол жуудың қажеті жоқ. Бұл қоспа сыңғыш келген және де қабаттанып кететін тырнақтарға таптырмас дауа. 

Форумда талқылау.

Суреттер bt-lady.com.ua сайтынан алынды.

23344 12
Рейтинг: +1

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 21 ақпан 2012, 16:34
Пікірлер
+0
21 ақпан 2012, 17:18

Ал жасанды тырнақ өсіру зиянды емес пе?

+0
21 ақпан 2012, 17:56

Жасандыны қалай өсіресіз? Атынан да айтып тұр ғой, жасанды тырнақ

+0
22 ақпан 2012, 10:53

"Наращивание" дегенді айтам да

+0
21 ақпан 2012, 22:34

Шыны керек мына күтімнің біреуін де жасамаймын. Тырнақтарым күтімсіз өсе береді, сәкесінше қабаттанып сынып жатады. Абайсызда тұрмыстағы күйбің тірлікті жасап жүргенде ілініп жатады. Ал мынадай масканы құнттамайды екенмін. Енді алдыңғы уақытты жасауға тырысып көремін, кеңеске рахмет!

+0
23 ақпан 2012, 10:27

Ей! қазақ қызына тырнақ өсірген жараспайды! Неге түсінбейсіңдер?

+0
23 ақпан 2012, 11:10

менің тырнағымды көрсеңіз олай айтпас едіңіз

+0
24 ақпан 2012, 15:35

Сенің тырнағың не, әулие ме еді? Тырнағыңыздың іші кірге беселі шығар? Тырнақ десе іскен асын жерге қоятын қандай адамдар а?

+0
24 ақпан 2012, 15:43

әй қойшы осы сен!

+0
24 ақпан 2012, 15:47

Мен қойшы емеспін! Мен Аттандырушы атаңмын если че?

+0
22 ақпан 2012, 10:40

негізі қыз баланң сұлулығы тырнағында деп жатады, тырнағында болғанда, ттазалығында шығар иә?

+0
22 ақпан 2012, 10:52

Әрине тазалығы да бар оның ішінде, негізі, жалпы қолында ғой.

+0
05 наурыз 2012, 22:20

әрине, қазақ қыздарына бұл лайық емес бірақ заман солай оған ештеңе істей алмайсыздар, сұлулық тырнақта да емес бетте де емес мына -ЖҮРЕКТЕ

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...