Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бозбала / Психология / Құпия: жігіттер неден қорқады?

Құпия: жігіттер неден қорқады?

Құпия: жігіттер неден қорқады?

Бізде қыздар қауымы ғана қорқақ келеді деген жалған стереотип бар. Егер қыздар жалғыз қалудан, әдемілігінен айрылып қалу деген секілді ойлардан қорықса, жігіттер қауымы аз көлемді табыстан, шешеден және қоғамнан қорқады екен. Қоғамнан қорқу – ер адамның фобиясы десек те болады.

Ер жігіт өз қорқынышын білдірмесе де оның қорқатыны айдан анық. Мұндай кезде ер адам аз сөйлеп, шылымға бас қояды екен.

Ер адамдардан қорқу.

Жігіт көбіне өзімен тең адамдардан қорқады. Ер адам қыз баланы көшедегі бұзақылар мен ұрылардан сақтап қала алса да, өзінен гөрі білімдірек, мәдениеті жоғарылау, сымбатты жігіттің болуынан қорқады. Әрине, ол қыз бала сол сымбатты жігітке «жабыса» кетеді демесе де, өз ойымен алысуды бастайды. Ал енді бұдан кейін жасырын «соғыс алаңында» іштей ғана онымен жарысуға көшеді. Өзге жігіттің жасағанын қайталап, одан ақылымен, білімімен асып түскісі келеді.

Батыр жігіт.

Ер адам әрқашан да күш сынасуды өмірдегі басты мақсаты санайды. Қыз бала бұл оймен бас қатырмаса да ер атаулы табиғатынан сынасып, жарысып өмір сүреді. Ер адам өз меншігіндегі дүниеге қол салған әлдекімге ең бірінші кезекте сөзбен, сымбатымен қаһарланады. Ал шынына келсек, ер адам бұл кезде қобалжып тұрады. Егер қыз бала жалғыз бір жерге баратын болса ері оны қызғанудан бұрын оның амандығы үшін уайымдайды. Осы қылығымен ол әйел адамды басқарғандай әсер қалдырады. Қыз бала да көбіне өзіне қамқорлықты бірінші сезбей, көбіне тәуелділіктен қашады.

Әйелдер қоғамынан қорқу.

Ер адам өз досының көңіл қосып жүрген қызымен бірге болудан қорқады. Бұл ер адам үшін ең қызықсыз әрі төзбес жағдаяты. Мұндай жағдайда досының қызы да, қырсыққандай, сөйлей жөнеледі. Оның қандай адам екенін сұрастырып, немен айналысатынын білу үшін неше түрлі сұрақ жаудыра бастайды. Тіпті қыз баланың өз түр-сипатының қандай екенін сұраса бітті дей беріңіз. Тығырыққа тірелу деп осыны айтсақ болар. Қыз балалар әрбір жігіт көптеген қыздың ортасында қалуды армандайды деп ойлайды. Әсілінде, олай емес. Ер адам өзінің қолапайсыз екеніне іші күйіп, арпа ішінде бір бидайдай сезінетіні рас. Сөйтіп, өз қобалжуын оларға деген жігіттік әрі ақылсыздау іс-қимылымен жуып-шаяды.

Үйленгеннен кейінгі комплекс.

Расына келсек, ер адам үйленгеннен кейін өз өмірін өзгердіге балайды. Тіпті бұрынғыдай салақ болып жүруін өзіне ар санайды. Ал осындай кезде жары тазалық сақтауды, үй жинауды тез арада ретке келтірмесе отағасының ойы бір сәтте-ақ өзгеріп шығуы мүмкін. Ол әйел адамның салақ болуынан қатты қорқады. Расында, қай жігіт өз әйелінің салақ болып шығуынан қорықпайды екен?!

Әдет пен жалғыздық.

Жігіттер де қыз бала секілді өзгерістен қорқады. Әдетке айналған ісінен жаңылу кішкене болса да психологиялық ауытқушылыққа ұрындыруы мүмкін. Ер адам сыртқы өмірде өте көңілді болып көрінеді. Себебі оның достары мен әріптестері оның өмірінде үлкен рөл атқарады. Ал ішкі, рухани жалғыздық әркімге-ақ ауыр тиеді. Мұндай жағдайда олар қыз балалар секілді ішкі сырын айтып, езіле де алмайды. Егер жақын досымен немесе көңіл қосқан адамымен ұрсысып қалса, ол тез арада оның орнын басатын адам тауып алады. Әйтпесе оның ойы мен көңілі құрдымға кетті дей беріңіз.

Енді біз шындықты айтуға бел будық. Мұнымызды қыз балалар да білсе артық болмас. Себебі ер адам да қорқады, оларда да жүрек бар...

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: healthinfo.ua

12812 10
Рейтинг: +5

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 10 наурыз 2013, 18:40
Пікірлер
+0
10 наурыз 2013, 20:35

қорқатынын бұрыннан білем

+0
10 наурыз 2013, 21:24

кейде маған қыздарға қарағанда жігіттерді түсіну әлдеқайда қиынырақ болып көрінеді... Не болса да пенде болған соң қорыққан да, жылаған да дұрыс, бұдан оның жігіттігі төмендеп қалады деп ойламаймын)

+0
10 наурыз 2013, 21:55

Жігіт болсам, қыздың салақ болып шығуынан мен де қатты қорқатын едім. :?

+0
10 наурыз 2013, 21:56

ТОЧНО

+0
11 наурыз 2013, 05:57

Өте дұрыс. осының бәрі санамызда болған болып та жатыр. Осы Ардақ психолог болуы керек еді. Жазбаларын оқып қайдан білед екен бәрін деген ойда қаламын

+0
11 наурыз 2013, 09:15

Жігіттер негізінен комплексте өмір сүреді

+0
11 наурыз 2013, 10:15

Отбасын сақтай алмай қалудан қорқады. :roll:

+0
11 наурыз 2013, 10:36

Қорқақтар)

+0
11 наурыз 2013, 11:06

Дұрыс!Өмірде қоғамда жігіткеде қызғада тән( не десем екен-қимылдар,қылық,істер жағдайлар деуге болар) құбылыстар барғо,соны әр қайсысы орнымен қолданса, бәрі МашАллах болады"

+0
18 наурыз 2013, 18:36

iaaaaaaaa.............. :geek:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»
Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»

Жылдың елеулі оқиғаларының бірі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік...

Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.
Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.

Өмір - кей кезде адамнан артық тәрбиеші.

Автор: Әсел Малік
Қара Питер кім еді?
Қара Питер кім еді?

Детективтің өмірі - ізденіспен өтетіні белгілі.

Автор: Әсел Малік

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...