Қандай адам ең әлсіз?

Қандай адам ең әлсіз?
Фото: vk.com

Өмірдің біз біле бермейтін "мыңдаған" ережелері бар. Әркім өз өмірін құрушы. Әр адам жеке бір әлем. Адам бойында бұғып жатқан қаншама қасиет бар... Өмірде ненің не, кімнің кім екенін білген абзал. Біз ұсынған мына бір сауалдарға қалай жауап берер едіңіздер?! 

Ең жақсы ұстаз кім?

— Қайғы. 

Ең нашар ұстаз кім?

— Рахатқа бөлену. 

Қандай қасиет ең сирек кездеседі?

— Бере білу. 

Қай қасиет ең жақсы?

— Кешіре білу. 

Қай қасиет ең қиын?

— Үндемеу. 

Қай қасиет аса маңызды?

— Сұрай білу. 

Ең керекті қасиет не?

— Тыңдай білу. 

Ең қауіпті күрес не?

— Қиялмен күрес. 

Қай әдет ең сүйкімсіз?

— Шатақ шығару. 

Қай әдет ең зиянды?

— Мылжың болу. 

Қандай адам ең мықты?

— Ақиқатты түсінген адам. 

Қандай адам ең әлсіз?

— Өзін мықты санаған адам. 

Қандай адамды парасатты дейміз?

– Жүрегін қадағалап ұстайтын адам. 

Қандай байланыс ең қауіпті?

— Өз тәніңе деген іңкәрлік. 

Қандай адам ең кедей?

— Бәрінен де ақшаны жақсы көретін адам. 

Құдайға қандай адам жақын?

– Мейірімді. 

Ең осал адам кім?

— Өзгелерді жеңе білген жан. 

Рухы мықты адам кім?

— Өзін-өзі жеңген адам. 

Қайғыны немен жеңеді?

— Қуанышпен. 

Қайғыға немен қарсы тұрады?

— Төзіммен. 

Санасы саудың белгісі не?

— Сенім. 

Жан дертінің белгісі не?

— Үмітсіздік. 

Жаман істің белгісі не?

— Ашу. 

Жақсы істің белгісі не?

— Жан тыныштығы. 

Ж. Жұмағұлов