Жұмысты жұлдызыңызға қарап таңдауға болады #2

Жұмысты жұлдызыңызға қарап таңдауға болады #2
Фото: voxpopuli.kz

БАСЫ

Таразы. Қоршаған ортасына байланысты көптеген тың идеялар санасында самсап жүреді, дегенмен оны жүзеге асыру жағы әлсіз. Бар күш-қуатын әріптестерімен дұрыс қарым-қатынас орнатуға жұмсайды. Әрқайсысының көңілін табу үшін жұмыс барысынан тыс қалуы да мүмкін.

Сарышаян. Жұмысты тыңғылықты орындауға барын салады. Келеңсіздіктермен күресуді бірінші орынға қойып, олқылытарды дереу әрі жылдам орнына келтіріп отырады. Жаңа идеялардың жаршысы – осы кісі. Егер сіз ұйымдастырушы болсаңыз, қол астыңыздағылар сізден сескенеді, бірақ құрметтейді. Жеке өмір мен жұмысты араластырмайсыз, сол себепті көпшілігі сіз жөнінде ештеңе білмейді. Әріптестеріңізбен өте жақсы араласасыз, бірақ ара қашықтықты сақтай білесіз. Адамдарды жақсы таниды, қайсысымен қалай сөйлесу керегін беске біледі.

Мерген. Ол – компания жүрегі. Сіз өз идеяларын нарыққа қалай шығаруды бес саусағыңыздай білетін маркетинг білгірісіз. Барлығы сіздің компанияңызда болуды армандайды. Көзделген қаржыға қалай қол жеткізу жөнінде жоспарларыңыз бас шайқарлық. Ерекше дарындылығыңыз бен жұмысқа берілгендігіңіз де маңызды рөлге ие. Барлығына шалқар шабыт сыйлап, жұмыста тамаша жетістікке жете аласыз.

Тауешкі. Жұмыс барысы қалай құрылғаны сізге бесенеден белгілі. Істі оңтайлы шешіп, бар ресурсты бақылауда ұстай аласыз. Бір секундты да босқа өткізбейсіз. Өзгелер осы қасиетіңізді ұнатпайды, бірақ оларға қолды бір сілтеп солай жалғастыра бересіз. Ең басты мақсатыңыз – көздеген жетістікке уақытылы жету.

Суқұйғыш. Ақшаға қатысты істерді жаны сүйеді. Жұмыстағы өз бағасын да біледі. Ұзақ мерзімді жобаларға қатысып, бизнеске қатысты стратегия құруды ұнатады. Жаңа технологияларды қолданып көруден еш тайынбайтындар қатарында алдыңғы орыннан табылады. Біздің болашағымызды қалайтын да осы кісілер болмақ.

Балықтар. Бұл жұлдызда туғандар әрдайым шығармашылық даму бар жерде жүреді. Жаңа идея сұрағандарға кеңесші, көмекші бола біледі. Нарық жөнінде сауаты жоғары, сол себепті түкке дайын емес кісіге де қолдау көрсетіп, алға жылжыта алады.

Жұмыстастарыңыздың, таныстарыңыздың туған күнін еске түсіріп, жұлдыз белгісі бойынша дұрыс-бұрыстығын тексеріп көріңіздер.

@. @assel_assanova