Тест: Сіз қандай адамсыз?

Тест: Сіз қандай адамсыз?
Фото: drobs.ru

Суреттегі алты тастың бірін таңдаңыз. Сүйікті түсіңізді емес, бірден көзіңізге түскенін белгілеңіз.

1 – Опалит (ай тас)

Сіз үнемі еркіндікке ұмтыласыз. Дене мен сананы босаңсытып, демалуға болатын тыныш жерді іздейсіз. Ішкі дауысыңызға сенесіз. Бір мезетте бәрінен бас тартып, өмірді жаңадан бастай аласыз. «Жаңа өмір жолында» дұрыс бағытта келе жатқаныңызға үнемі сенімді бола алмайсыз. Көбіне уақытыңыз күнделікті шаруаларды құнттаумен өтетіндіктен, тыныштық пен демалуға мүмкіндік жиі бола бермейді.

Жалғыз қалып, тыныққан уақытымызда денеміздің энергиясы өзгере бастайды. Бұл қызықты идея мен жоспарлардың тууына әсер етеді. Опалит – періштелер тасы саналады. Сондықтан, сіз бейсаналы түрде «басқа әлеммен» байланысты сезесіз. Бейтаныс күштердің сізге көмектесіп, кеңес беруін күтесіз.

2 – жасыл малахит

Бұл тасты ұнатқан адамның өмірінде өзгерістер басталды. Олар өмір сүру салты, мекен жайы, жұмыс орнына қатысты болуы мүмкін. Ішкі энергияңыздың күштілігі барлық мәселелерді орын-орнына қойып, шешуге көмектеседі.

Уақыт өткен сайын даналығыңыз артып келеді. Жаңа білім алу  да сізге оңай. Бұрын санаңыз уайым мен мұңға толы болса, қазір оның бәрін еркіндікке жіберіп, болашақты жиірек ойлайсыз. Өмірде болатын өзгерістердің көмекші екенін түсінесіз. Расында да кез келген өзгеріс (жақсы болсын, жаман болсын) бізді мақсатқа итеретін күш.

Малахит – молшылық пен берекенің тасы. Сондықтан, өз бақытыңыз бен табысты іздеу жолында міндетті түрде мақсатқа жетесіз. Малахит сәтсіз махаббаттың аяқталып, жаңа романтикалық сезімнің тууына әсер етеді. Сіздің ұраныңыз: «Табысты болуға дайынмын. Негативтен арылуға дайынмын. Бақытымды кездестіруге дайынмын!»

3 – Күн тасы

Сіз әр атқан таң үшін риза екеніңізді, таңертең ояна салып, тамаша күнді бастауға дайын екеніңізді және өміріңізде сізді жақсы көретін, сіз құрметтейтін адамдардың барына риза екеніңізді ойлаңыз. Бойыңыздағы әр жасуша қуанышқа толы екенін сезе білетін болсаңыз, өміріңізге жақсы, жағымды жайттарды көптеп тартасыз. Бұл өмірлік мәселелердің шешімін табуға көмектеседі. Егер бақытты өмірді аңсаумен жүрсеңіз, көп күтпей арманыңызға қол жеткізетіңізге күмәнданбаңыз.

Жалғасы

Ф. Абилова