Ағзадағы май мөлшерін анықтау және реттеу

Ағзадағы май мөлшерін анықтау және реттеу
Фото: Piluli.ru

Ағзадағы майдың пайыздық көрсеткіші бұлшықет, сүйек, сіңірдегі барлық майдан құралады. Өмір сүру үшін май өте қажет: ол ішкі ағзаларды қорғайды, энергия берілетін қайнар көзі, қор ретінде, басқа да қызметтері көп.

Бізге қанша май қажет?

Ер адам мен әйел адамның бойындағы майдың қалыпты пайыздық мөлшері

 

Әйелдер

Ерлер

Қажетті май

10–12%

2–4%

Атлектикалық дене бітімі

14–18%

6–13%

Спорттық дене бітімі

21–24%

14–17%

Қалыпты дене

25–31%

18–25%

Майлы

32% астам

36% астам

Қажетті май – бірқалыпты өмір сүруге қажетті минимум май мөлшері. Сол себепті бодибилдер спорт шеберлері жарыс алдында денесін осы деңгейге дейін құрғатады. Ал басқа уақытта олар майдың жоғары деңгейімен жүреді, осылайша тиімді жаттығады, денсаулығына зиян келтірмейді.

Егер арықтағыңыз келсе, атлетикалық дене бітіміне сай май мөлшерін ұстаныңыз.

Ал ықшам да шымыр көрінгіңіз келсе, спорттық дене бітіміне сай майдың пайыздық деңгейін ұстауға тұрыңыз.

Егер ағзаңыздағы майдың деңгейі қалыпты дене мөлшеріндегіден асып, майлы деңгейге жетсе, өзіңізді қолға алып, артық майдан құтылу қажет. Бұл жай сырт көзге сымбатты көрінуден бөлек денсаулығыңызға зиян келтіреді.

@. @assel_assanova