Саз әлемі 2013

"Саз әлемі" жайлы ой пікірлеріңіз? Қай ән ұнап жатыр?

Осы "Саз әлемі" жүргізушілермен жолы болмай жатыр. Былтыр ол Марат, Айқын, Баян үшеуі бір-бірін түсінбей әлек болып еді. Бұл жол Қанат Әбдіғапаров қолындағы қағазынан бас алмай, әр сөзін оқып беріп жүр. Миллиондаған адам көретін бағдаралама үшін өте ұят деп ойлаймын.
Мен Бағымның орнында болсам ана жерде отыруға ұялар ем. Бәрi, тiптi Баян Қазақша сөйлегенде бiр өзi орысша сөйлеп... Аяяяп кетем ше ).
Кешегi Жанар Айжанованың қылығы түк ұнамады )
Кеше қорытынды нәтиже бойынша қателік кетті деп шулап жатыр ел.

"Достар мына суреттер 13/10.2013 күні басталып 20/10.2013 күні аяқталған Саз әлемінің нәтижесі. Осы аптада жеңіске Айқын Төлепбергеннің әні жеңіске жетті. Енді мын суреттерге қарап Айқын мен Бейбарыстың әділқазылар мен көрермен берген бағаларын қосып көрсеңіздер Айқындікі 56,6% ал Бейбарыстың жинаған балы 59,45%. Ал бұл жерде жеңіс Бейбарысқа тиесілі. Осыған өз ой пікірлеріңізді қалдырсаңыздар дейміз. Бұл жерде әділдіктің жоқтығыма әлде қалай......."
Кештеу қосылып, мұндайын байқамай қалдым. Келесiде эфир арқылы түзетiп, кешiрiм сұрамаса, калькулятор ұстап отырып көретiн шығармын...
Жүргізушілердің қарапайым сөздерді қағаздан қарап оқитыны әбден жүйкеге тиеді. Көрерменге деген неткен құрметсіздік!
уже олар кім жеңетінін де анықтап қойған. Бұл жай цифрлар, бұл жобаға сенбеймін!
Кешегі эфирде монтаж кезінде қате кеткен екен. Негізі Айқын шынымен жеңіпті.
Осы бағдарлама түк ұнаған жоқ. :x
Әлі бірде-бір бағдарламасын көрген жоқпын.