Сіздің өміріңізде ұялы телефонның алатын орны қандай?

Ұялы телефон деген ұғымды білмейтіндер қатары бүгінде жоқ болар. Еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін ұялы телефонның құлағында ойнайды. Арамызда "Ұялы телефонсыз қалай өмір сүруге болады" дейтіндер қатары да баршылық. Менің сұрағым келгені:: Сіздің өміріңізде ұялы телефонның алар орны қаншалықты? Ұялы телефон сіздің қандай қажеттіліктеріңізді өтейді? Не үшін пайдаланасыз? Ұялы телефонсыз өмір сүре алмаймын дегендерге айтарыңыз бар ма? Ой бөлісіңіз...

Ой бірінші кездері онсыз өмір сүре алмадық қой, үйден шығып сабаққа кетіп бара жатып біраз жерге барғасын сотканы ұмытып кетіп, кешігіп бара жатсам да қайта келіп алатынмын. Одан кейін агент үшін ұстадық. Енді қазір жаааай ұстайм, біреу звондай ма деп анда-санда қарайм....үнсіз тұрад :)
Жек көрем сол телефонды... Тастай салғым келед
Жек көрем сол телефонды... Тастай салғым келед

неге??? куткен адамыңыз телефон соқпай жатыр ма???
қажеттілік пен қажетсіздік
Бұрынғылар қалай өмір сүрді екен дим да кейде )))) Қазір телефонсыз күн жоқ қой ))
таныстарымнан өзге ешкім қоңырау шалмаса екен деп жүрем )
ааааааййй, жандарым сол, ұялы телефонсыз күніміз қараң ғой))) Сол арқылы алысқа шапқыламай, шалқайған бойда не бір проблемаларды, жұмысқа қатысты мәселелерді шешеміз ғой, Сотка жоғалса, өзін қойш, ішіндегі 1000-нан аса контактыларын қимаймыз)))
Сотка не үшін керек??? Мысалға мағам, кешке уйде интернетке кірем, ноутыма қосып ап... Әр апта сайын Баварияның ойындарын қарайм онлайнда... Басқаяқта жүргенде агентке кірем... Жаяу жүргенде музыка тындайм... Керек кезде патапаратын пайдаланам... Арасында звоноктар кеп тұрад... әлөу қалайсың, қайдасың деп, кейде өзім звандап коям... негізі ең бастысы солғо, связь... Сол... Тілипонсыз өмір қиындап кететін сияқт...
Жек көрем сол телефонды... Тастай салғым келед

неге??? куткен адамыңыз телефон соқпай жатыр ма???

Жоға)) Күніге біреулер телефон шалад, анау-мынау шаруаларды айтад...