Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Атамыз арақтан өлген жоқ!

Атамыз арақтан өлген жоқ!

Атамыз арақтан өлген жоқ!

Адамның жаны азып, жүйкесі тозған мына заманда қит етсе болды, "жеңілдеймін" деп, ішімдікке жүгіретіндер бар. Ондай адамдарға:

 - Ішімдікті не үшін ішесіз? - деп сұрақ қойсаң, "Ол маған бақыт сыйлайды" немесе "шерім тарқайды", "бəрінен шаршадым" - деп жауап береді. 

 Ләззат сыйлауын сыйлап, бəрін ұмыттыруын ұмыттырады-ау! Бірақ, бəрі де уақытша ғой. Алайда, бұл сөзімізге ден қойып, ойланатындай адам жоқ. "Мейлі, аз да болса демаламын ғой. Болмаса, тағы ішермін," - дейді. Мұндай жауапты естігенде, жағамызды ұстап-ұстап болдық, амалсыздан қолымызды қалтамызға салып тұрғаннан басқа ештеңе де істей алмаймыз. Сонда қашанғы іше бермек? Арада үзіліс бола қалса, "шаршайды", ал шаршамас үшін тоқтаусыз ішетін болар?! 

 "Шер тарқату үшін ішемін," - дейтіндер бар. Шерін жəй ғана, сау күйінде тарқатуға болмай ма? Бұған "алкогольсүйер қауымның" жауабы дайын: "Мені ешкім тыңдамайды." Неге? Мас адамның сандырағын кім тыңдағысы келеді? Əлде, сау күйде тыңдалмаған сөз, мас күйде тыңдала ма? 

 Қалтаңыздағы қаражатты зиянды дүниеге құртып, уақытша рахатқа батқанша, пайдалы нəрсеге жаратыңыз. Тəттілер алып жеңіз немесе театрға барыңыз, туыстарыңызға немесе достарыңызға базарлық апарыңыз. Олар да қуанып қалсын, сіз де қуанасыз. 

 Қазақтың қаншама өрімдей ұл-қыздары ащы судың арбауына түсіп, халқымыз бар деп білген жалғыз Аллаһтың емес, сайтанның құлына айналып жүр. Ішімдікке сылқия тойып алып, ел алдындағы абыройыңызды айрандай төкпеңіз. Ұлттық болмысымызды бұзбай сақтайық. Кешегі батыр бабаларымыздың қандай болғанын өз тəрбиемізбен көрсетейік. "Өлімнен ұят күшті" деп ар-намысын бəрінен де биік қойған қазақ халқының əлі күнге дейін қаймағы бұзылмаған қайсар ұл-қызы, рухты ұрпағы бар екенін біле жүрейік. Олар - біз бен сіз! 

126 1
Рейтинг: +3

Жазылған уақыты: 19 наурыз, 16:42
Пікірлер
+0
21 наурыз, 01:55

Ақниет, ақ ниетіңе рақмет!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...