- Негізгі бет
- Денсаулық
- Құлаққаптар. Олардың есту...
Құлаққаптар. Олардың есту қабілетіне әсері қандай?
Әуен бір естіліп, бір естілмейді...
Құлаққаптардың біздің есту қабілетімізге әсерін білу үшін, алдымен әр түрлі дыбыстарды қалай қабылдайтынымызды білуіміз керек. «Біздің есту қабілетіміз - бұл мидың белгілі бір орталықтары дыбыс ретінде қабылдайтын электр сигналдары» - дейді м.ғ.д. және жоғары категориялы оториноларинголог, И.М. Сеченов атындағы құлақ, мұрын және тамақ ауруларының клиникасы ғалымдары. «Электр сигналдары ішкі құлақта кортиев органының сезімтал жасушаларының тербелістері арқылы жасап шығарылады (оларды кез келген шу жасайды), олар құлақ жарғағы және есту сүйектерінің тізбектері арқылы беріледі. Өте қатты ауытқулар (яғни қатты шу), сезімтал жасушалардың өлуіне әкеп соқтыруы мүмкін. Сол себепті есту қабілеті де төмендейді». Сондықтан өлеңдерді қатты шығарып тыңдау зиян. Және де құлаққап арқылы әуенмен рахаттану жай тыңдағаннан ауырырақ.
Біздің құлағымызды құтқарыңыз
Дені сау, құлаққапты пайдалану арқылы өзіне қиянат жасамайтын адамдардың, есту қабілетінің жастық өзгерісі шамамен 30 жастан кейін басталады. Сонда да, аз мөлшерде өзгереді. Елеулі өзгерістер 55-60 жаста байқалады. 1979 жылға дейін мұндай нашарлау қарқыны Жер тұрғындарының 80%-на тән болған (қалған 20%-ы есту қабілетін бұрын-соңды ауырғандықтан немесе келеңсіз жағдайға байланысты жоғалтқандар). Алайда жиырмасыншы ғасырдың жетпісінші жылдарының соңына қарай Жапонияда шағын плеер ойлап табылған соң, құлақ мүкістігінің орын алуы көбейді. Өйткені құлаққап арқылы сүйікті әуендерді тәулік бойы тыңдауға мүмкіндік туды. «Табиғат құлақты қатты дыбыстардан сақтаудың арнайы механизмін алдын ала ойластырып қойған» - деп түсіндіреді жоғары категориялы оториноларинголог, м.ғ.д. Юрий Русецкий – «Бұл қатты тербеліс нәтижесінде қатайып, есту сүйектерінің қозғалысын шектейтін бұлшық еттер». Бірақ бұлшық еттердің қатты дыбыстарға қарсы қорғанысы бір сағаттан артық қатайғаннан кейін әлсірейді. Сондықтан адам 60 минут бойы үздіксіз құлаққапты пайдаланса, есту қабілетінің нашарлайтыны сөзсіз.
Не істеу керек?
Құлаққаптан біржола бас тартудың қажеті жоқ. Тек келесі сақтық шараларын сақтасаңыз болғаны:
- Құлаққапты 1 сағаттан артық уақыт қолданбаңыз. Жалпы, тәулігіне 2 сағаттан артық бұл құралмен әуен тыңдамаңыз.
- Дыбыстың ең жоғарғы шегі ретінде 80 децибелл белгіленген. Одан қатты шығып тұрған дыбыс есту қабілетіне кері әсер етеді. Өзіңіз үшін әуенді 60 децибелден асырмай тыңдауға тырысыңыз (бұл орташа плеердің барлық дыбысының 60 пайызы).
- Тамшы пішінді құлаққаптан бас тартыңыз. Олардың дыбысы үлкен құлаққаптардан қаттырақ шығады (яғни зияны көп).
- Құлаққап арқылы ән тыңдап отырып, алкогольді ішімдік ішпеңіз – олар қатты дыбыстың есту қабілетіңізге әсерін арттырады.
- Қоғамдық көлік шуын естімеу үшін әуен дыбысын шығармаңыз. Айналадағы шу құлаққап арқылы да естілсе, ол 100 децибелді құрайды деп есептеледі. Ал дыбысты шығару арқылы сіз қауіпсіз шектен асып кетесіз.
Алаңдау негіздері
Біз есту қабілетіміздің нашарлауын байқамаймыз. Бірақ ерекше қауіпті жағдайда ағзамыз бізге белгі береді. Сонымен, қауіпті белгілер:
1. Құлағыңыз жүйелі түрде шыңылдайды;
2. Айналадағы дыбыстар бәсең естіледі;
3. Шулы кабинеттерде сөйлесіп тұрған адамды түсіне алмайсыз;
4. Жай шығып тұрған дыбыстар қатты естіледі. Мысалы, қаламның қағазды сызып жазып отырған секілді естілуі.
Өз денсаулығыңыз үшін жаман әдеттерден құтылыңыз.
Сурет: zdravday.ru