Қызың өтірікші ме?

Қызың өтірікші ме?

Өтірік тақырыбының жалғасы ретінде кезек алдауға құмар қыздарға да келіп жетті. Ғалымдардың дәлелдеуі бойынша, қыздар жігіттерден күніне 3 есе көп сөз айтады екен. Алайда бұл өтірікке де қатысты ма? Ғалымдардың зерттеулері бойынша, әйел адам айтатын өтіріктің ер кісінің өтірігінен сан жағынан да, сапа жағынан да айырмашылығы бар екен. Ер кісілердің өтірігі өзін жақсы етіп көрсетуге бағытталса (мысалы "Мен кеше күшті гол салдым!"), әйел адам өтірігі өзгені қорғау мақсатында айтылады. Қыздың өтірігі басқаларды қорғаштап, олардың қасиеттерін үстемелеп, еңбектеріне артық баға беруі үшін айтылады.

Сүйікті құрбысына: "Мына шаш сәні саған жарасады екен" деген қыз әрине оның жаңа шаш сәнінің кемшілігін байқап тұрады. Алайда жалғыз құрбысын ауыр сөздермен қалай өкпелетуге болады? Осылай ойлаған қыз достары мен туыстарының көңілінен шығамын деп, бәріне өтірік айтып жүргенін байқамай қалады.

Ер мен әйел өтірігінің тағы да бір айырмашылығы мынада. Ерлер өтірік айтады да, сол жерде ұмытады. Ал қыздар өз өтірігіне ұқыпты қарайды. Ашылып қала ма деп қорқады, біреуді алдадым деп өзін айыптайды.

Назарларыңызда қыздардың өтіріктер топтамасы:

- Қалым қалай дейсің бе? Күшті!

- Сені көргеніме сондай қуаныштымын.

- Саған кейінірек хабарласайыншы, қазір қолым бос емес еді...

- Батареям отырып барады, қазір телефоным сөнеді.

- Иә, міндетті түрде тағы да бір рет кездесейік.

- Жолдамын, сөйлесе алмаймын.

- Есіңде ме, кеше сен Абай көшесі бойында жол кептелісінде тұрып қалған едің ғой? Бүгін мен соған түсіп қалдым...

- Қоңырау шалайын деп едім, біз кафенің жертөлесінде отырдық, байланыс ұстамайды.

- Әрине, мен сені сүйемін! 

- Оятқыш істемей қалды, уақытында оянбадым...

- Өте дәмді!

- Біз екеуміз тек доспыз.

- Ой кешір, екінші линияда біреу қоңырау шалып тұр.

- Қандай сыйлық! Менің осы ойыншық аюды өмір бойы қалағанымды қайдан білдің?

- Қап, мен сенің нөміріңді қате жазып алыппын ғой.

- Қандай хабарлама? Жоқ келмеді. Қайдан білемін неге екенін? Келмеді деймін!

- Мен бұл етікті 90%-дық жеңілдікпен алдым.

Осылайша арулардың өтірік айтпайтын өмір саласы болмайды екен. Алайда оны тек жақсы мақсаттарда қолданатын қыздардың бұл кішкентай кемшілігін кешіруге болатын секілді...

Ал сізді қыздар қалай алдаған?

Сурет: gizmodo.com, mail.ru

С. А