- Негізгі бет
- Психология
- Жігітіңіз өтірікші ме?...
Жігітіңіз өтірікші ме?
Өтірік деген кең ұғым. Біреу өтірік айта алмаса, екінші біреулер күнделікті өтірік айтып, өздерінің өтіріктерін өздері де байқамайды. Өтірікшілерді әшкерлеу, оларға алданбаудың амалдары туралы Массагет блогшылары біраз сыр ақтарысқан еді. Жігіттерге оңай алданып қалатыныңызды сезесіз бе? Қитұрқы әрекеттеріне бей-жай қарап, өтірікті судай сапырған жігітіңіздің өтіріктеріне әлі де көз жұмып жүрсіз бе? Олай болса, мына мақала дәл сізге арналған.
Әйелдер ер кісілерге қарағанда, көп өтірік айтатын болып көрінеді. Патриархаттың жеңіске жетуінен бастап, өтірік әйелдер қолындағы қорғаныс құралына айналды деседі философ ғалымдар. Алайда соңғы жүргізілген зерттеулер бойынша, әйел адамдар күніне 2 рет, ал ер кісілер 3 рет өтірік соғады екен. Ер кісілер өздерінің аналарына (25%), сүйіктілеріне (10%), әріптестеріне (10%) өтірік айтады. Олардың 70%-ы кейін алдағаны үшін өздерін кінәлі сезінеді.
Ал мынау сол өтірікші жігіттердің ең көп айтатын өтіріктері:
"Мен жарты-ақ сағатқа шығып келем"
"Мен бір-ақ стақан сыра ішем де қоям"
"Мен де сені сүйемін"
"Қызық екен, маған сенің хабарламаң (қоңырауың) келген жоқ..."
"Қарамадым деймін мен сол қызыл көйлек киген сұлу қызға!"
"Жоқ, менің қызым жоқ"
"Мен сені тыңдап отырмын, шын айтам"
"Сен бұрын жүрген қыздарымның ешқайсысына ұқсамайсың, ерекшесің, жалғызсың..."
"Қап, мен ақшамды алмай шығыппын..."
"Мен ол қызды танымаймын да! Жай менен уақыт сұраған еді"
"Міне, 5 минуттан кейін боламын"
"Абай бойындағы кептелісте тұрмын..."
"Иә, сен әжептеуір арықтапсың"
"Мына көйлек саған өте жарасады, осыны ала салайықшы"
Құрметті қыздар, жігіт сізге осындай сөздер айтса, оның өтірікші болуы әбден мүмкін. Алайда алдыңызға келіп, "Мен сені сүйемін" деген жігітке сену-сенбеу - тек сіздің шешіміңіз.
Ал сіз жігіттерден қандай өтірік естіген едіңіз?
Сурет: mail.ru
С. А