- Негізгі бет
- Хронология
- Сирек кездесетін кітаптар...
Сирек кездесетін кітаптар мұражайы. 7-бөлім
Сирек кітаптар мұражайына саяхатымызды жалғастырамыз. Өткен жазбада Латын графикасындағы қазақ кітаптары көрмесін туралы әңгіме бастаған болатынбыз. Бүгін сол көрмедегі жәдігерлермен таныстыра түсеміз.
Бұған дейін айтқанымыздай, бұл жерде сақтаулы кітаптар Ахмет Байтұрсынұлының 1927 жылы жасаған емлесі бойынша жазылған. Айта кетелік, бұл графиканы қазақтар 1927-1945 жылдар аралығында қолданған.
Қазақ тілі мен мен грамматикасына арналған витринада С.Аманжоловтың 1940 жылы жарық көрген "Қазақ тілі ғылымы синтаксисінің қысқа курсы" кітабы, М.Әуезұлының 1930 жылы жарық көрген "Жеткіншек. Ересек жастар мектебіне арналған оқу құралы" 2 жылдық негізгі оқу кітабы, С.Жиенбайдың 1936 жылы жарық көрген орта мектептің 5 класына арналған "Грамматика талдауыш" кітабы, 1940 жылы шыққан Е.Смайловтың "Әдебиет теориясы мәселелері" кітабы, 1939 жылы басылған "Қазақ тілінің грамматикасы" кітабының 2 бөлімі, ересектер мектебі үшін жазылып 1938 жылы жарық көрген М.Балақаевтың "Қазақ тілінің грамматикасы" кітабы орналастырылған. Айта кетелік, бұл латын графикасымен жазылған еңбектердің барлығы Алматыда басылған:
Келесі витринада Түркістан - Сібір темір жолының 10 жылдығына арналып 1940 жылы Алматыда басылып шыққан "Түркісіб" атты кітап орналасқан:
Ары қарай қазақ-кеңес жазушыларының еңбектері қойылған. Сәкен Сейфуллиннің "Социалстаны", Тайыр Жароковтың "Отандастары", Ілияс Жансүгіровтың "Жолдастары", Ғабдол Слановтың "Арман ағысы" поэмасы, Әбу Сәрсенбаевтың "Анты" қойылған:
Нұрпейіс Байғаниннің "Ақын шабыты" еңбегі:
С.Аманжолов құрастырған "Жұмбақтар" жинағы. Кітап Алматыда 1940 жылы басылып шыққан:
Александр Сергеевич Пушкиннің "Хан Салтан туралы ертегісі". Кітап 1940 жылы Алматыда шыққан:
Пушкинінң "Таңдамалы өлеңдер" (1935) жинағы және "Кавказ тұтқыны, Сығандар" (1933) еңбегі:
Пушкиннің қазақ тіліне аударылған басқа еңбектері (1936-1938 жыл):
Лермонтовтың 1937 жылы Алматыда басылған "Біздің заманымыздың геройы" туындысы және Шевченконың еңбектерінің жинағы (Алматы, 1937):
Лермонтовтың поэмалары мен өлеңдерінің жинағы, 1939 жыл:
Қазақтың мақалдары мен мәтелдері жинағы Алмтыда 1935 жылы басылған:
Максим Горькийдің "Әдебиет туралы" және "Ана" (1940) еңбектері:
Гогольдің "Өлі жандары" (1932) мен "Шинелі" (1937):
Достоевскийдің "Бейшаралар", Фадеевтың "Тас талқан", Паустовскийдің "Қарабауыр" еңбектері:
Шуховтың "Өшпенділігі" және Чеховтың шығармалар жинағы (Алматы, 1937):
Келесі витринада қазақ тіліне аударылған Гейненің "Германия" еңбегі (аударған Ә.Тәжібаев, Алматы, 1938), Жюль Вернның "Сырлы арал" (аударған М.Дәулетбай, Алматы, 1936) және Даниэль Дэфоның "Робинзон Крузоның өмірі және оның басынан кешірген таңғажайып оқиғалары" (аударған А.Құлбеков, Алматы, 1937) туындылары қойылған:
Көрменің соңғы витриналарында оқушыларды оқытуға арналған мектептерде қолданылған кітаптар қойылған.
Всесвиятскийдің "Ботаника" кітабы:
"Минералогия және геология" (1936) оқулығы мен қазақ ғалымдарының мұнай туралы жазған "Непті" (1931) кітабы:
Синитскийдің "Физикалық жағрафия" оқулығы (1934):
"Химия" оқулықтары (1931, 1934):
Көріп отырғаныңыздай, екі кітапта "химия" сөзі екі түрлі жазылған. Бұл латын әліпбиінің енгізілу кезеңінде жазудың түрлі нұсқаларының болғандығының белгісі.
Құрметті оқырман, осымен сирек кездесетін кітаптар мұражайына сапарымыз аяқталды. Осы уақытқа дейін бізбен бірге болып, сирек кездесетін жәдігерлерді қызықтағаныңыз үшін алғыс айтамыз.
Болашақта назарларыңызға мұражайдың ғылыми қызметкері Тимур Талғатпен болған сұхбатты ұсынатын боламыз.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: ©Ерекбұлан Қайрахан
Ғылыми консультант: мұражайдың ғылыми қызметері Тимур Талғат
Massaget