Сирек кездесетін кітаптар мұражайы. 6-бөлім

Сирек кездесетін кітаптар мұражайы. 6-бөлім

1-бөлім

2-бөлім

3-бөлім

4-бөлім

5-бөлім

 

7-бөлім

Мұражай туралы әңгімемізді жалғастырамыз. Бүгін Латын графикасындағы қазақ кітаптары көрмесіндегі жәдігерлермен таныстырамыз.

ва

Бұл жерде сақтаулы кітаптар Ахмет Байтұрсынұлының 1927 жылы жасаған емлесі бойынша жазылған. Айта кетелік, бұл графиканы қазақтар 1927-1945 жылдар аралығында қолданған.

Уақытында латын графикасына ауысуға Нәзір Төреқұлов күмән келтірген болатын.

Экспозицияның беташары "Қазақстан" атты Қазақ совет жазушыларының көркем очерктер жинағы. Кітап Алматы қаласында 1940 жылы басылып шыққан: 

ыв

Одан кейін, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармалар жинағы орын тепкен:

а

ва

ва

Ары қарай Жамбыл Жабаевтың "Сұраншы батыр" жыр жинағы жайғасқан. Поэмалар мен өлеңдер жинақталған кітап "Алма-Ата" баспасынан 1939 жылы басылып шыққан:

ва

Алматыда 1940 жылы басылып шыққан 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс туралы "1916" атты поэмалар, өлеңдер, әңгімелер жинағы:

ds

sd

Кітаптың редакциясын басқарғандар: Әбу Сәрсенбаев, Дандай Сқақов, Есмағамбет Смайлов. Айта кетелік, бұл жылдары бұндай тематикадағы кітапты басып шығару, оның редакциясын басқару өте қауіпті жұмыс болатын.

Алматыда 1934 жылы басылып шыққан Мұхтар Әуезовтың "Айман-Шолпан" еңбегі:

ва

1940 жылы Алматыда басылып шыққан "Тарту" атты қазақ-совет ақындарының шығармалары:

ва

Алматы-Қазақ қалаларында 1935 жылы басылған "Қазақ-Совет фольклорының" I жинағы:

ва

1935 жылы басылып шыққан Бейімбет Майлин мен Ғабит Мүсіреповтың "Амангелді" драмасы:

ап

Айта кетелік, кітап Алматыдағы "Қазақстан көркем әдебиеті" баспасынан шыққан.

Алматыдан 1939 жылы шыққан "Батырлар жыры" жинағы:

пр

Алматыда 1936 жылы шыққан Алдар Көсе туралы алғашқы әңгімелер жинағы:

ыва

Қазақ ССР-ының Конституциясы, Алматы, 1937 жыл:

ва

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: ©Еркебұлан Қайрахан

Massaget