- Негізгі бет
- Қазақстан
- Әл-Фараби атындағы Қазақ...
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Университеттің 76-жылдық аса бай тарихы Қазақстанның академиялық ғылымы мен жоғары мектебінің дамуы және қалыптасуымен тығыз байланысты. ҚазҰУ-ды еліміздің барлық жоғары білім беру жүйесінің тірегі, білікті мамандар ордасы деуге болады. Университеттің мыңдаған түлектері Қазақстанның және оның аумағынан тыс жерлердегі өндірістің барлық салаларында табысты еңбек етуде.
Бүгінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ерекше мәртебесі бар Қазақстанның жетекші классикалық университеті, жоғары кәсіби, жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылымды инновациялық дамытудың ұлттық көшбасшысы, еліміздің жоғары оқу орындары арасындағы бірінші Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының иегері. Quacquarelli Symonds (QS, Ұлыбритания) агенттігінің зерттеулеріне сәйкес әл-Фараби атындағы ҚазҰУ білім беру бағдарламалары бойынша 401-450 дәрежеге енді. Университетте еліміздің барлық аймағынан келген 20 мыңнан астам студент, сондай-ақ алыс жақын шетелден келген студенттер білім алады.
Оқытушы-профессорлар құрамы – 2500 мың адамнан асады, олардың арасында 400-ден аса ғылым докторы, профессорлар, 800-ден астам ғылым кандидаттары, доценттер бар.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 180-нен астам гуманитарлық, жаратылыстану және техникалық мамандықтар бойынша бакалаврларды, магистранттарды, докторанттарды дайындайды.
Университеттің 14 факультетінде беделді ғылыми мектептер шоғырланған, олар: механаника-математика, физика, биология, химия, филология, журналистика, тарих, география, философия және саясаттану, экономика және бизнес, заң, шығыстану, халықаралық қатынастар, шетелдік азаматтарға арналған дайындық факультеті. ҚазҰУ-дың 75-жылдық өмір жолында қалыптасқан дәстүрлерге, есімдері мен атқарған істері ұлы шаңырақтың, яғни еліміздің жасампаз оқу орны басынан кешкен тарихының ғылымға риясыз қызмет ету мен батыл инновациялардың ажырамас бөлігі болып табылатын алдыңғы буын ағалар мен замандастарға тән ерлікке табан тірейді.
Университтің миссиясы – еліміздің қоғамдық өмірі мен ғылымына, экономиканың маңызды бағыттарының қарқынды даму мәселелерін шешуге бағытталған заманауи, жоғары білімді, бәсекеге қабілетті мамандар буынын қалыптастыру.
Кредиттік технологияның мәні – академиялық бағдарламалардың икемділігі мен әрбір студент үшін оқудың жеке траекториясын таңдау мүмкіндігінде. 2008 жылы университетте бірінші рет бакалавриаттағы 2726 пән қамтылатын 60 мамандық үшін қазақ және орыс тілдерінде элективті курстардың каталогтары қалыптастырылды. Бұл студенттердің әр деңгейдегі оқыту аясында оқу пәндерін шын мәнісінде таңдап алуына жағдай тудырады.
ҚазҰУ ғылыми инфрақұрылымының негізі – Республикадағы іргелі зерттеу бағдарламалары жалпы мөлшерінің 50% жүргізілетін 20 ғылыми-зерттеу институты мен халықаралық ғылыми орталық. Университет жанында сонымен қатар колледж, біліктілікті көтеру институты және түлектері қосымша әскери мамандық алып шығып, ҚР Қарулы күштері қатарында, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарында, кеден қызметі мекемелерінде қызмет етуге мүмкіндік беретін әскери кафедра жұмыс істейді.
2003 жылы 16 қыркүйекте Еуропадағы белгілі Болонья (Италия) университетінің қабырғасында университет Дүниежүзілік университеттердің хартиясына қол қойды. Сөйтіп, ҚазҰУ Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттері жоғары оқу орындарының ішінде бірінші болып Еуропалық білім кеңістігіне кірді.
Университет білім алушы тұлғаның жан-жақты дамуына, өзін-өзі кемелдендіруіне қажетті жағдай жасау үшін бар күш-жігерін салып, студенттік өзін-өзі басқаруға, көшбасшылық қасиеттерді тәрбиелеуге мол мүмкіндіктер тудыруда.
Универсиетте Қазақстандағы аса ірі ИНТРАНЕТ желісіне қосылған, 3500 заманауи компьютерден тұратын корпоративтік ақпараттық жүйе құрылған, сондай-ақ компьютер сыныптары мен Интернет залдар жұмыс істейді. Интранет жүйесі барлық оқытушылар мен студенттерді қамтитын, оқу үдерісінің барлық кезеңінде көптеген параметрлерді күнделікті бақылауды қамтамасыз ететін, студенттерді оқуға ынтыландыруға, олардың үлгерімі мен болашақ жұмыс орнында білімін практикалық қолдану қызығушылығына ықпал ететін ірі корпоративтік желі болып табылады.
ҚазҰУ қалашығының барлық аймағы Wi-Fi сымсыз желісімен қамтылатын болады. Оның кез келген нүктесінде әр студент университет бірлестігінің желісінде жұмыс істеумен қоса, Интернетке тегін қосылу мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар тәулік бойы істейтін 300 орындық жаңа Интернет-кафе жұмыс істейді.
Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы – ҚазҰУ қалашығының інжу-маржаны. Мұнда Қазақ ұлттық аспаптар оркестрі, көркемөнер үйірмелері, «Біз» студенттер театры, КТК командасы жұмыс істейді.
Спортпен айналысуға барлық жағдай жасалған (ҚазҰУ қалашығының спорт кешені, Студенттердің спорттық клубы, түрлі секциялар, денсаулық топтары). Қызметкерлер мен студенттердің спартакиадасы ұдайы өткізіліп, олардың қалалық жарыстарға қатынасуы қамтамасыз етіледі.
Университет студенттерінің өмірі қызықтылығымен әрі алуандығымен ерекшеленеді. Ол тек дәрістер мен семинарларға қатысумен ғана шектелмейді. Олар шалқыған шығармашылық қуат пен жастық жалынды, балғын талантты шыңдайтын театр студиялары мен поэтикалық клубтарға, көңілді және тапқырлар сайысына белсене қатысады.
ҚазҰУ 400-ден астам шетелдік университеттермен ынтымақтастық туралы келісім жасаған. Осы негізде магистрант, докторанттарға екі адамның жетекшілік ету тәжірибесі кеңінен өрістеп отыр. Бір ғылыми жетекші Қазақстаннан болса, екіншісі – шетел ЖОО-дағы белгілі ғалым. Осының бәрі де ҚазҰУ студенттері үшін халықаралық деңгейде оқып, зерттеулер жүргізуге лайықты жол ашады.
Суреттер ғаламтор беттерінен алынған