Қыз күнделігі: Бет күтімі

Қыз күнделігі: Бет күтімі

Сәлем, құрбым! Өтпелі кезеңде біздің мінезіміз ғана өзгеріп қоймайды, терімізде де азын-аулақ өзгеріс байқалады.

Бұл кезеңде гармондық өзгерістер жүреді. Және сол өзгеріс терімізде көрініс табады. Осы ерекшелігімізді ескере отырып косметолог мамандар дұрыс кеңес бере алады. Олай болса, бұл мәселені жеке-жеке талдайық.

Бет күтімін қанша жасымыздан бастаған дұрыс?

Ата-анамыздың терісі жақсы болып, бұл бізге берілсе – нұр үстіне нұр. Ал бұлай болмаған жағдайда міндетті түрде косметолог маманға барғанымыз жөн. Ол сенің теріңе ғана тән қасиеттерді ескеріп, нұсқаулықтар айтады.


Дұрыс тамақтанудан баста

Өтпелі кезеңде теріге тек гормон жүйесі ғана емес, асқазан-ішек жолдарының дұрыс жұмыс істеуі әсер етеді. Бұл дегеніміз – қуырылған, ащы және тым тәтті тағамнан бас тарту.

Бастысы – безеуді өршітіп алма

Егер безеу шыққан кезде оны сығып, реңк беруші креммен жасыратын болсақ, орнында бітелмейтін тесік пайда болады. Бұдан өзге арнайы бет жуатын құралдарды пайдаланбаған жөн. Олардың құрамында спирт болатындықтан, эпидермисті құрғатып жібереді.


Косметолог әлде дерматолог? Қайсысына барған дұрыс?

Егер тері бүлінуі алғашқы сатыда болса, косметологқа, ал асқынған болса, дерматологқа барғаның жөн.

Күнделікті күтім

Ең қауіпсіз күтім – таңертең және кешкі уақытта жуыну. Алда келе жатқан қыс мезгілінде балаларға арналған кремді пайдалануымызға болады. Бірақ ешуақытта анаң мен әпкеңнің косметикасын пайдаланба. Олар белгілі бір жас мөлшеріне арналған болуы мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Қыз күнделігі: Сәлем, құрбым!

Қыз күнделігі: Бантикті қалай тағамыз?

Қыз күнделігі: Ыдыс жууды ұнатпайсың ба?

Қыз күнделігі: Таңертеңгілік жаттығудың қыздар үшін маңызы

Қыз күнделігі: Жеке бас гигиенасы 

Қыз күнделігі: Спорттық жаттығулардың пайдасы

Қыз күнделігі: Тырнақ күтімі


Дайындаған: Томирис Сағындық

Сурет: Massaget.kz

Қ. Бүйенбай