Мәзір: Құймақтан жасалған тағамдар

Мәзір: Құймақтан жасалған тағамдар

Құймақ - мінсіз таңғы ас, балалардың сүйікті тағамдарының бірі. Қарапайым құймақтардың дәмін ерекше ету үшін одан түрлі тағамдар жасап көрейік. Бүгін бізге тұрақты қолданушымыз Жанат Ахметов көмектеспек.

Біріншіден, бізге құймақтардың өзі қажет. Осыған дейін таныстырған құймақтар мәзірін қолдансаңыз болады.

Дайын болған құймақтарға түрлі салынды салса болады. Мысал үшін үккіштен өткізілген сәбіз бен майонез салындысы өте дәмді болады.

Үйреншікті қуырылған фарш салындысы жеңіл түскі ас бола алады.

Жанаттың ұсынған тағы да бір мәзірі - құймақ торты.

Терең табаққа мөлдір пленка төсейміз.
Құймақтарды жайғастырамыз.
Екі құймақты жолақтарға тураймыз.
Екеуін осылайша біріктіреміз.
Айқастырылған құймақты табақтың ортасына саламыз.
Сүзбе, қаймақ, тосап даярлаймыз.
Құймақтарға сүзбе жағып, ораймыз.
Астына тосап жағып, сүзбе салынған құймақтарды тортқа саламыз.
Қаймақ жағып, үстін құймақпен жабамыз.
Құймақтын шеттерін бүгіп, толықтай жабамыз.
Құймақты аударып, тураймыз.
Жанат Ахметовке мәзірі үшін рақмет айтамыз!  

Суреттер: Жанат Ахметов

Дайындаған: Сания Аринова

С. А