Мәзір: Құймақтар

Мәзір: Құймақтар

Келе жатқан Масленица мейрамының ажырамас бөлігі -  құймақтар. Бұл мейрамды атамайтын болсаңыз да, отбасыңызды, не достарыңызды дастарханға жинап, неге отырыс істемеске? Құймақтың ең оңай және тез жасалу жолымен танысып өтіңіз.

Құрамы:

  • 2 жұмыртқа;
  • 2 стақан сүт;
  • 1,5-2 стақан ұн;
  • 2 ас қасық қант;
  • 0,5 шай қасық тұз;
  • 0,5 шай қасық ас содасы;
  • 2 ас қасық сұйық май. 

 Миксердің көмегімен жұмыртқа мен қантты араластырамыз.

\

Тұз, сүт, сұйық май, ас содасын қосамыз. 

Ұнды біртіндеп қоса отырып, жақсылап араластырамыз.

Құймақтың қамыры қою да, сұйық та болмауы керек. Керек болса ұнды көрсетілген мөлшерден аз, не көп қосыңыз.

Құймақ пісіретін табаға кішкене май тамызамыз.

Майды қағаз майлығымен таба бетіне жағамыз.

Бір кішкентай ожау көлемінде құймақтың қамырын құямыз.

Оған дөңгелек пішінін беруге тырысамыз.

Екінші бетіне аударамыз.

Құймақтар дайын! Асыңыз дәмді болсын!

Форумда талқылау.

С. А