- Негізгі бет
- Аспаздық
- Қамырдағы түсті орамжапырақ...
Қамырдағы түсті орамжапырақ
Құрамы:
- түсті орамжапырақ- 0,5 кг;
- жұмыртқа - 3 дана;
- ұн -1 стакан;
- тұз, бұрыш және т.б. астатымдар – қалауыңызға қарай.
Орамжапырақты 5-7мин. тұзды суда қайнатып, дуршлагта буландырыңыз.
Жұмыртқаны тұз, дәмдеуіштермен бірге араластырамыз.
Буландырылған орамжапырақты тең бөліктерге бөліп,
алдымен шайқалған жұмыртқаға, кейін ұнға малып, екі жағынан 5 минуттан майға қуыру қажет.
Орамжапырақтарды сарымсақ қатығымен жесеңіз болады. Егер жұмыртқа мен ұн артылып қалса, оларды араластырып, құймақтар пісірсеңіз болады.
Сарымсақ қатығы:
- майонез - 2 үлкен қасық;
- сарымсақ - 2-3 дана.
Сарымсақты майдалап турап майонезбен араластырыңыз. Қатық дайын болды.
АСЫҢЫЗ ДӘМДІ БОЛСЫН!!!!
Автор: Мөлдір Медетбекова