- Негізгі бет
- Денсаулық
- Ыстық күнде дұрыс...
Ыстық күнде дұрыс тамақтанудың 5 ережесі
Жазда ағзаға салмақ түсірмей, немен тамақтану керек? Қандай өнімдер, тағамдар мен сусындар ыстықты көтеруге жәрдемдесе алады? Маусым бойынша тамақтанудың 5 ережесін ұсынамыз.
№1 ереже. Көбірек су ішу
Ыстықта ағзамыз көп ылғал жоғалтады. Сондықтан оның қорын уақытында толтырып отыру қажет. Бұл жағдайда түрлі сусындар көмекке келеді. Шөлді бәрінен бұрын су жақсы басады немесе тәтті емес көк шай – күн қатты ысыған кезде әр 40-50 минут сайын 100-200 мл салқын сусын (18–20°С) ішу ұсынылады.
Сонымен қатар, сорпалардан да бас тартпаңыз – суық окрошка немесе гаспаччо сергітіп қана қоймай, ағзаны қажетті дәрумендер және ылғалмен қоректендіреді.
Жалпы диетологтар ыстық күнде үстелде көбірек сұйық тағамдардың болғаны абзал дейді.
Бірақ (!) жүрек-қан тамырлары ауруымен, гипертония, май басу және бүйрегі ауыратын адамдарға көп сусын ішуге болмайды.
№ 2 ереже. Рационның құнарлылығын азайтамыз
Ғалымдар есептеп шығарғандай, ыстық ауа-райында ағзаның қуатқа тәуелділігі шамамен 5%-ға азаяды, демек жазда ағзамызға құнарлылығы азырақ тағам қажет.
Майлы ет, торттар, құймақ пен оливье жайлы ұмытамыз, көкөністер, жемістер мен сүт өнімдеріне көшеміз. Алайда бұл түбегейлі майдан бас тарту дегенді білдірмейді.
Тағамтану мамандары ыстық күнде төмендегідей рационды ұсынады:
28% майлар (олардың ішінде 2/3-і өсімдік майлары);
55% ақуыз (50х50 арақатынасында өсімдік және мал ақуызы);
17% көмірсулар.
№3 ереже. Тамақтану тәртібін араластырамыз
Ыстық ауа-райы – ағза үшін сынақ. Асқа тәбетіміз болмайды, ал тамақ ішіп болған соң іштің ауырлығын сезінеміз. Қапырық кезінде ағзаның дұрыс жұмыс істеуін реттеу үшін диетологтар араласқан тамақтану тәртібін ұсынады, яғни негізгі тамақтануды күннің салқын уақытына қалдыру.
Таңғы асты ертерек – сағат таңғы 6-7-лерде ішкен дұрыс. Түскі асты – ыстық түскенше – сағат 11-11.30-да. Кешкі ас – сағат 18.00-де. Аш қарынмен ұйықтай алмайтындар сағат 20-21.00-де нәр татып алса болады.
Бір күндік рационның құнарлылығы келесідей жіктелуі тиіс:
Таңғы ас – 35%;
Түскі ас – 25%;
Кешкі ас – 25%;
Кешкі уақыттағы нәр тату – 15%.
№4 ереже. Таңғы асты өзің іш... кешкі асты да
Суық күні ағзаны қуаттандыратын көмірсулардың таңғы аста көбірек болғаны құпталса, ыстық күнде көмірсуға мол тағамдарды түскі аста тұтынған жөн.
Көкөніс және жеміс салаттары, қарақұмық пен күріш, картоп пен жеңіл сорпалар асқазанда жеңіл қорытылатындықтан, бұл тағамдарды күндіз жеуге болады.
Ет және балық тағамдарын кешкі және/немесе таңғы асқа қалдырған жөн. Ағза бұларды салқын уақытта жеңіл қорытады.
Ұйқы алдындағы аштықты майлылығы аз қышқыл сүт өнімдері басады.
№5 ереже. Дәрумендер
Ағза термен бірге көптеген дәрумендер мен микроэлементтерді жоғалтады (бұл әсіресе суда ерігіш С, B1, В2, B6 және РР дәрумендеріне қатысты). Нәтижесінде ағза әлсіреп, иммунитет төмендейді, дәрумен тапшылығы байқалады.
Мұның алдын алу үшін маусымдық жаңа піскен жемістер, көкөністер мен жидектерді молынан тұтынуға тырысыңыз. Көбірек жеміс сығындысын, тәтті емес мүкжидек морсын, лимонад пен компот, шөп шайы мен квас ішіңіз.
Айтпақшы: жазғы уақытта ағза көптеген ішек инфекциясына бейім, сондықтан жемістер, көкөністер мен шөптерді мұқият жуыңыз. Тез бұзылатын тағамдарды тоңазытқышта сақтаңыз. Кремі бар кондитерлік өнімдерді сатып алмаңыз.
Дайындаған: Анар Мұстафина
Сурет: telegraf.com.ua, wday.ru
Оқи отырыңыз:
A. Mustafina