Апта кеңесі. Жаз

Апта кеңесі. Жаз

Достар, жылыстап жаз да жетті. Шуақты көктемге қимай-қимай қол бұлғап, жаз мезгілін құшақ жая қарсы алайық.

Осы аптада жазға жоспар құрыңыз. Жадыраған жазды қалай жақсы өткізуге болады?

Қолыңызға қойын кітапша мен қалам алып, үш айға жоспар жасаңыз. 

Қалтаңыз көтерсе, әлемнің сан тарабына саяхат жасап, таңғажайып қонақүйлерге тұрақтаңыз. Немесе өз еліміздегі құлағыңыз естісе де, көзіңіз көрмеген мекендерге, орындарға аяқ басыңыз. Тіпті болмаса, қалаңыздағы көптен баруды ойлап жүрген дүкендерге кіріп көріңіз.

Жан тыныштығын аңсап жүрсеңіз, сулы, нулы жерлерге барып, демалуыңызға да болады.

Жаздың басты мақсаты да жыл бойы жұмыстан қажыған ағзаны демалдыру. Сондықтан, жазда барынша демалғаныңыз дұрыс.

Тек денеңіз күнге күйіп кетпесін. 

сурет: design-warez.ru

Р. Роза