Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / Лондон-2012 / Олимпиада қатысушылары арасында екі қазақстандық штангист жоқ

Олимпиада қатысушылары арасында екі қазақстандық штангист жоқ

Олимпиада қатысушылары арасында екі қазақстандық штангист жоқ

Лондонда өтетін XXX жазғы Олимпиада ойындарының ресми ашылу салтанаты күндеп жақындаған сайын, Олимпиада төңірегінде жанжал да көбеюде. Кеше өткен әйелдер футболынан ҚХДР мен Колумбия арасында болған кездесуде ұйымдастырушылар Солтүстік Корея елінің туын Оңтүстік Кореянікімен шатыстырып алса, енді бір жанжалдың арасында қазақстандық ауыр атлеттер бар. 
Олимпиада қатысушылары арасында екі қазақстандық штангист жоқ. Олар - Арли Чонтей мен Фархад Харки.

Сөйтсе, ауыр атлетика халықаралық федерациясы олардың Қазақстан атынан шығуына қарсы болса керек. Жігіттер жуырда ғана біздің елге қоныс аударған болатын. Мүмкін олимпиадаға қатыса алмау себебі осыдан да болар.

Естеріңізге сала кетсек, дәл осындай жағдай Бейжің-2008 ойындары қарсаңында орын алған еді. Ол кезде Ресей құрамасына іліне алмаған Светлана Подобедова Олимпиадаға Қазақстан құрамасымен келген еді. Бірақ, Ресейліктер шағым жазып, Светлананың өнер көрсетуіне қарсылықтарын білдірген болатын. Бір қызығы Қытай тарапы Арли Чонтей мен Фархад Харкидің Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан шығуларына мүлдем қарсы емес. 

Дегенмен, халықаралық федерацияның шешімі бүгін, 26 шілде күні белгілі болады.

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: london2012.com

428 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 26 шілде 2012, 19:25
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...