- Негізгі бет
- Лондон-2012
- Лондондықтар КНДР спортшыларын...
Лондондықтар КНДР спортшыларын оңтүстік кореялықтармен шатастырып алды
Олимпиада ұйымдастырушылары КХДР ойыншыларынан кешірім сұрады.
Айта кетелік, кеше әйелдер футболынан ҚХДР мен Колумбия арасында матч өткен болатын. Қатысушыларды таныстыру кезінде ұйымдастырушылар КХДР елінің туының орнына қателікпен Оңтүстік Корея Республикасының туын көрсетті. Бұдан кейін ел спортшылары наразылықтарын білдіріп стадионға шығудан бас тартты.
Бұл туралы КХДР спортшыларының жаттықтырушысы: "Бізді құдды Оңтүстік Кореяның азаматтары секілді таныстырды. Бұл біздің көңілімізге тиді. Сондықтан алаңға шығудан бас тарттық", - деп сұхбат берді. Ал "КХДР басшысы Ким Чен Ынның бұл оқиғаға деген реакциясы қандай болды?" деген сұраққа жаттықтырушы команда менеджерінің ескертуінен соң жауап беруге бас тартты.
Ұйымдастырушылар, сонымен қатар елдің ұлттық олимпиада комитететінен ресми түрде кешірім сұрады. Лондондықтар бұндай олқылықтардың ендігәрі қайталанбауына бар күштерін салатындықтарын айтты.
Дегенмен бұл келеңсіз жағдай спортшылардың көңілін пәстете алмады. Футболшы қыздар колумбиялықтарды 2:0 есебімен жеңіп, елінің мерейін үстем етті.
Әйелдер футболының басқа матчтары мынадай есеппен аяқталды:
Ұлыбритания - Жаңа Зеландия 1:0, Жапония - Канада 2:1, Швеция - ОАР 4:1, АҚШ - Франция 4:2, Бразилия - Камерун 5:0
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
Фото @gdnlondon2012