Еріктілер алматылық ардагерге көмек көрсетті

Еріктілер алматылық ардагерге көмек көрсетті
Фото: Нұрлан Биімбетов

13 қазанда «Болашақ» қауымдастығының Алматы қаласы бойынша филиалы еріктілері "9М" жобасы аясында Алматыда тұратын Ұлы Отан Соғысы ардагері Антонов Тимофей Фомичке көмек көрсетілді.

"9М" жобасы - «Болашақ» бағдарламасының түлектері және стипендиаттар қауымдастығының Алматы қалалық филиалының бірлескен бастамасымен 2012 жылы құрылған және жастардың назарын Ұлы Отан Соғыс ардагерлер ерліктерінің маңыздылығын түсіндіруге, сонымен қатар олардың күнделікті өмірде бетпе бет келетін қажеттіліктеріне бағытталған. Жыл сайын жоба аясында мұқтаж және жалғызбасты соғыс ардагерлері мен тыл еңбек ерлеріне материалдық, физикалық және медициналық көмек көрсетіледі. Әрдайым "9М" жобасын стипендиаттар мен жастар қатарынан демеушілер қолдайды.

Қ. Бүйенбай