Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Арнайы жобалар / 9 мамыр 2015 / 82 кітапқа редактор болған ардагер

82 кітапқа редактор болған ардагер

82 кітапқа редактор болған ардагер

Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.

Кітап аудармасынан үзінді:

«Память сердца». 2005 жылы осы атаумен әкем туралы жазған кітабым шықты.

Ахметов Сейсенбек Мұхамедұлы – 1922-1994.

XX ғасыр соңында өмірден өткен тұлғалардың портретін жасау сәнге айналды. Мен де осы істі қолға алып, Отан қорғауға майданға кеткен жас толқын туралы жазуды жөн көрдім. Қырықыншы жылдары өрімдей жас жігіттер «сүйіп үлгерместен, соңғы темекісін тартып үлгерместен» опат болды. Соғыстың соңғы жылдарындағы ащы да сұм статистикаға қарағанда, 1922 жылы туылған ер азаматтардың 2%-ы ғана аман қалған. Олар арқаларына ауыр жауапкершілік артып, соғыс машығына икемделген тәжірибе мен қару-жарақ жеткіліксіз болғанына қарамастан, «шегінерге жол жоқ» деген ұранмен өз еріктерімен майданға аттанған ең жас, ең алғашқы жауынгерлер еді. Тірі қалған 2 пайыздың ішінде сол қолының білегін жауға тастап қайтқан, Ұлы Отан соғысының II топтық мүгедегі менің әкем – Сейсенбек Ахметов бар еді. Дәл осы кісілер XX ғасыр жүзжылдығындағы ең ұлы, ең белгілі адамдар қатарына жатады.

Жазушы, аудармашы, сыншы, редактор Сейсенбек Ахметов 1922 жылы 26 желтоқсанда Талдықорған облысы, Бүрлі-Төбе ауданында дүниеге келді. Орта мектепті ойдағыдай аяқтаған соң, 1939-1941 жылдары Қапал оқу-ағарту училищесінде оқыды. Бірақ ҰОС Ахметовтің армандарын күл-талқан етеді. Ол өз еркімен майданға аттанып, Калининде 306-шы атқыштар полкінің 20-шы гвардиялық дивизиясы командирі болды.

Қантөгіс ұрыстың бірінде жас командир ауыр жарақат алып, №3325 Чкалов қалалық эвакуациялық госпиталіне жіберіледі. Отан алдындағы жасаған ерлігі мен жауынгерлік қызметі үшін С.Ахметов Қызыл жұлдыз ордені және бірнеше медальмен марапатталды.

1942 жылдың тамызында ауыр жарақатпен туған өлкеге оралған соң Алматы облысы, Ақсу ауданы, Көкөзек селосында мұғалім болып қызмет етеді. Сол жылдың қазанында Киров атындағы ҚазМУ-дың журналистика факультетіне оқуға түседі. Университетте оқып жүргенде оқу озаты, сталиндік стипендия иесі және факультеттік «Жас қалам» қабырға газетін құрушы әрі редактор болды.

Талдықорған облыстық газетінде, «Лениншіл жас» газетінде, Қазақ Мемлекеттік баспада, «Мектеп» баспасында қызмет етті. 1978 жылы зейнетке шығып, өмірінің соңына дейін шығармашылық жұмыспен айналысты. Әртүрлі тақырыпта мақалалар мен кітаптар жазды. Қазақстандағы жазушылар мен ақындар жайында жазылған алғашқы «Қазақстан жазушылары» анықтамалығын шығарды. 82 кітапқа редакторлық етумен қатар, өзі де көптеген кітаптың авторы атанды, көркем аударма ісіне көп көңіл бөлді. 1989 жылы Қазақстандағы аудармашылардың ассоциациясын құрып, президенті болды. Ол 1954-1955 жылдары Целинде журналист болып қызмет еткенде алған «За освоение целинных земель» медалін өзі ерекше бағалады.

Ахметова Ләйла Сейсенбековна,

қызы, әл-Фараби ат. ҚазҰУ, профессор

Ұқсас жазбалар:

Әбілқайыров қазақтардың ерлігі туралы кітапқа белгі салып отырған

9 мамыр. «Црвени Крст» сақтаған құпия

0
Рейтинг: +4

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: massaget.kz
Қосылған күні: 08 мамыр 2015, 17:10

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.