Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Арнайы жобалар / 22 наурыз – 2019 / Амал мейрамы неге 14 наурызда тойланады?

Амал мейрамы неге 14 наурызда тойланады?

Амал мейрамы неге 14 наурызда тойланады?

14 наурыз күні еліміздің батыс өңірлерінде Амал мейрамы атап өтіледі. Ал  өзге өңір жұртшылығы үшін бұл мейрам таңсықтау. Десе де бұл мейрамның қазақ тарихында ертеден бар екені мәлім.

"Амал күні""Көрісу күні" деп аталатын бұл мейрам жайлы түрлі деректер мен аңыз-әпсаналар бар. Негізінен "Амал мейрамы" тек батыста ғана емес, бұрындары еліміздің көп жерлерінде болғанға ұқсайды. Шәкәрімнің ұлы Ахаттың жазбаларында: «14-март — ескіше 1-март. Әкей айтты: "Бүгін ескіше 1-март, қазақша жаңа жыл, ұлыстың ұлы күні дейді. Ал жаңа жылдың бұрынғы аты — Наурыз, бұл фарсы тілі. Жаңа күн деген сөз. Қожа-молдалар ескі әдетті қалдырамыз деп, құрбан, ораза айттарын ұлыс күні дегізіп жіберген. Ескі қазақша, ескі түрікше жаңа жыл күнінің аты — ұлыс. Жаңа жыл басының ұлыс екеніне мынадай дәлел бар. "Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар. Ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы жол болар" — деген.

Осыған қарап, ХІХ аяғы мен ХХ ғасырдың басына дейін қазақ даласында көрісу дәстүрі болған деген пікірмен келісуге болады. Кеңес үкіметінің саясатына байланысты, еліміздің көптеген аймағында Амал мейрамын тойлау ұмытылып, батыс өңірлерде ғана сақталып қалған секілді. Тіпті кей археологтар Амал мейрамының түп-төркінін Адай тайпасының пайда болуымен байланыстырады.

Тарихқа көз салсақ, Амал мейрамының 14 наурызда тойлануының бір себебі күнтізбенің алмасуында жатыр. Әлем жұртшылығы шаруаның жайына қарай, қардың еруі, өзендердің тасуы, құстардың көктемде келіп, күзде қайтуын ескеріп, осы құбылыстардың қайталануын жыл деп есептеп, табиғи күнтізбелер жасаған.

1918 жылдың 24 қаңтарында "Батыс Еуропа күнтізбесінің Ресей мемлекетіне енгізілуі туралы" В.И.Ленин қол қойған декрет қабылданды. Бұл кезде юлиан және григорий күнтізбелерінің арасындағы алшақтық 13 күнге жеткен еді. Декретте көрсетілгендей, 1918 жылдың 31 қаңтарынан кейінгі күн 1 ақпан емес, 14 ақпан болып есептелді. Соның әсерінен бұрын 1 наурызда Жаңа жыл — Ұлыс күнін тойлайтын қазақ елі 1918 жылдан бері қарай 14 наурызда көрісіп келеді деуге болатын сияқты.

14 наурыз күні Ай мен Үркердің қиылыса өтуін қазақ халқы тоғыс деп атаған. Тоғыс осы 14-15 наурызға сәйкес келеді екен. Халық осы уақытты қыс жұлдызы бiтiп, жаз жұлдызы туды деп есептеген.

Шығыс елдеріндегі күн (шәмси) күнтізбесі бойынша, наурыздың басталуы хамал (амал) айының 1 жұлдызы болып есептеледі. Хамал — Тоқты шоқжұлдызының ескі парсыша атауы болып табылады. Күн мен түн теңеліп, амал кірген сәтте Тоқты шоқжұлдызы туады. "Наурыз" сөзі парсының "жаңа күн" дегенінен шыққан. Ертеде біздің қазақ бұл күнді "наурыз" демей "амал" деген. Бұл қазіргі күнтізбе бойынша 14 наурызға сәйкес келеді.

Қар еріп, көктем шыға бастағанда, шыбын-шіркей, құрт-құмырсқа, жан-жануар, тіршілік атаулы ұйқыларынан оянатыны белгілі. Ел аузындағы әңгімелерге сүйенсек, қыс бойы ұйқыда жатқан балпақ (үлкен саршұнақ) оянып, інінің аузына шығып, басын қылтитып далаға қарайтын көрінеді. Осы кез 14 наурызбен тұспа-тұс келеді екен. Бұл көріністі далалықта, құмдауыт жерлерде бақылауға болады.

Амал мейрамының бүгінгі қоғамдағы маңызы жоғары. Бірлік пен татулықты ту еткен мейрам – қазақ халқының бауырмалдық салтының бір көрінісі екені анық. Біз де сіздерге "Бір жасқа келуіңізбен!", "Жасыңызға жас қосылсын!", "Ғұмырлы болыңыз" деп тілек білдіреміз!

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Фото: picgra.com
Қосылған күні: 14 наурыз, 11:17

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.