- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Итке тұрмысқа шыққан...
Итке тұрмысқа шыққан үндістандық қыз (видео)
Үндістан елінің азаматшасы 18 жастағы Мангли Мунда (Mangli Munda) далада қаңғып жүрген төбет итке тұрмысқа шықты. Мангли Мунда Үндістанның шығыс бөлігінде орналасқан ауылда тұрады. Ал оның күйеуі, яғни иттің аты Шеру (Sheru).
Үйлену тойына ит темір тұлпарға мініп келді. Ал оны қарсы алдынан күтіп алған дүйім жұрт болса, итке өздерінің салт-дәстүріне сай етіп сый құрмет көрсеткен. Салтанатты рәсімнің өтуіне ата-ананың ауылдастары кеңес берген, себебі олардың айтуынша, қызды немесе ауыл тұрғындарын алда үлкен қарғыс күтіп тұрса керек. Үйлену дәстүрі болса оларды барлық бәле-жаладан қорғап, қызды бақытты ететін көрінеді. Егер бойжеткен ауылдың үлкендеріне құлақ аспай өз келісімін бермеген болса, қыз ер адаммен отау құрғанда қайғы-қасірет көріп өтеді.
Мунданың әкесі: «Мұндай рәсімдер бұған дейін көп болған. Мен өз көзіммен мұндай шараның кемінде төрт-бесеуін көргенмін. Және де айта кететін нәрсе, олар одан кейін ешқандай қиындыққа душар болған жоқ».
Мундеге уәде бергендей қыз қайтадан ер кісіге бірнеше ай өткеннен кейін ғана тұрмысқа шыға алады. Ал оған дейін қыздың міндеті - төбетті күтіп баптап, жағдайын жасап беру.
Оқи отырыңыз:
Бұл қызық: Алғашқы рет естіген сәт
Митхун Чакрабортиден кем түспейтін қос піл
Өрмекші-ит Польша тұрғындарының зәре-құтын қашырды (видео)
Дайындаған: Жұлдыз Телемісова
Н. Нұрмаханұлы