- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Жолбарыстан туған қара...
Жолбарыстан туған қара мәулен
Қытай еліндегі Ханчжоу қаласының хайуанаттар бағында ерекше түсті мәулен (жолбарыстың баласы) дүниеге келді. Оның түсі – қара. Мамандар жолбарыс баласының қара түсті болып туылуын әке-шешесінің бір қауымдастан болуынан деп түсіндіреді. Қазіргі кезде мәулен хайуанаттар бағының бір қызметкерінің үйінде тұрып жатыр. Ал үлкен алғыр төбет ит оны баласындай көріп, емізіп жатқан көрінеді.
Жануардың ішкі жолақтары біріккенше кеңейіп, оны көрінбестей етіп қара түске "бояған". Оны ғылыми тілмен "абундизм" деп атайды. Сонымен қатар ол мутация әсерінен де болуы ықтимал.
Абундизм орманды алқапта өмір сүретін үлкен мысық тектес жануарларда жиі кездеседі. Күңгірт түс хайуанның қауіптен жасырынуына көмектеседі. Ал ашық жерлерде мекен ететін жолбарыстар үшін бұл құбылыс әдеттегі дүние емес.
Оқи отырыңыз:
Митхун Чакрабортиден кем түспейтін қос піл
Енді үй жануарына қоңырау шалуға болады
Бұл қызық: Жарнаманы осылай жасау керек
Су толқынын ұстап үлгерген сёрфингист итбалық (видео)
Дайындаған: Жұлдыз Телемісова
Сурет: mirfactov.com
Н. Нұрмаханұлы