- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Сахарада жаңа заманғы...
Сахарада жаңа заманғы қала бой көтеруі мүмкін
Malka Architecture студиясының сәулетшісі Стефан Малька ерекше жобасын көпшілікке таныстырды. Ол бойынша алып мобильді қала «жасыл машина» рөлін атқарып, Сахара шөлінде ақырын жүріп отырады. Жүріп қана қоймай, басып өткен аймақтарын көгалдандыру жұмысын да қатар алып жүреді. Құрылыс нысаны шөлді аймақтың топырағын тыңайтып, ол жерден адам өміріне қажеті жеміс-жидек өсіріп және су өндіруге де көмектеседі.
Алып қалада барлық инфрақұрылымдар бой көтеретін болады. Оның ішінде қаланың өз мектебі, мейрамханалары мен тағы да басқа қызмет көрсету орындары болмақ. Ал жоба бойынша қала бастапқыда NASA зымырандарын тасымалдауға арналып жасалған шынжыр табандармен ақырын жылжымақ. Мобильді оазис арнайы салынған мұнара типтес тоғыз электростанция көмегімен өз-өзін 100%-ға энергиямен қамтамасыз ете алады. Ал қала үстіне бекітілген алып тоғыз баллон ауадан конденсация көмегімен ауыз су өндіреді.
Он алты шынжыр табанның аймақты көгалдандыру жұмысы келесі әдіспен жүзеге асады: алғашқы шынжыр табан жерді жыртып өтіп, оны құнарландырады. Келесісі оған дән сеуіп, бетіп қайта көміп кетеді. Үшіншісі топырақты ылғалғандырады. Арада жыл өткеннен кейін бұл жерде алғашқы өсімдіктер мен жәндіктер, тіпті кішкене жануарлар да пайда болмақ. Ал бес жылдан соң бұталар өсіп шығады. Он жылдан кейін бұл аймақта ағаштар өсіп, шағын тоғайға да айнала алады.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
Сурет: designboom.com
Б. Қосмағамбет