- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Ватикан пластикалық карталарды...
Ватикан пластикалық карталарды қабылдамайтын болды
Енді Ватикан территориясында туристтер пластикалық карталармен төлем жасай алмайды.
Британдық Times газетінің ақпараты бойынша, бұған Рим папасының Еуроодақтың ақша ұрлаумен күрес жөніндегі нормасын қабылдаудан бас тартқандығы себеп болған.
Осы себепті үстіміздегі 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап итальяндық Орталық банк анклавтағы барлық электрондық ақшаларды құлыптап тастады. Ел территориясында пластикалық карталардың қашан жұмыс жасай бастайтындығы белгісіз.
Ватикан қазірде Италиядан басқа елдерден комерциялық банк-операторын іздеп жатыр.
Естеріңізге сала кетелік, бұған дейін Массагет 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстандағы кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар төлемдерді картамен де қабылдауға міндетті болатындығын айтқан болатын.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: Массегет мұрағатынан