- Негізгі бет
- Қазақстаным
- 2013 жылы барлық...
2013 жылы барлық дүкен төлемді пластикалық картамен қабылдайды
2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстандағы кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар төлемдерді картамен де қабылдауға міндетті болады. Бұл туралы Елорданың салық департаменті хабарлады.
Осы күннен бастап барлық кәсіпкер картамен төлем жасауға арналған құрылғыларды орнатып болуы керек. "Салық органдары тексерістер кезінде осы жағдайға баса назар аударатын болады. Тұтынушыларға бұндай жағдай жасалмаған жағдайда жеке кәсіпкерлерге 40АЕК, орта және кіші бизнес субъектілеріне иелік ететін заңды тұлғаларға 60АЕК, ірі бизнес субъектілеріне иелік ететін заңды тұлғаларға 80АЕК көлемінде айыппұл салынады", - делінген таратылған ақпаратта.
2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап айыппұл салу кезінде АЕК көлемі Қазақстан Республикасының жаңа заңнамасы бойынша 1 731 теңгені құрайтын болады.
Айта кетелік, арнайы салық режимімен жұмыс істейтін жеке және заңды тұлғаларға бұл жағдайда жеңілдік жасалған. Олар картадан төлем қабылдау жүйесін 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін орнатып болуы керек.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: otyrar.kz