3 миллион қытайлық үңгірде өмір сүреді

3 миллион қытайлық үңгірде өмір сүреді

Қазіргі заман транспорт, техниканың дамыған заманы болып есептелінеді. Алайда, бейресми келтірілген деректер бойынша Қытай елінде 30 миллионнан астам халық тау үңгірінде паналайтын көрінеді. Мұны қалай түсінеміз? Қытайдың Шэньси провинциясы таулы мен қыратты өлкеде орналасқандықтан жергілікті тұрғындар аспан асты үйлерінен гөрі экологиялық таза тау үңгірінде мекендеуді жөн санайды екен. Соның арқасында өңірге көптеген туристер мен қызық іздеп келушілер жер-жерден келіп жатыр. Тіпті инвесторлар тарапынан көлемі 70 шаршы метр болатын үңгірді иемденуге 50 000 АҚШ доллар ұсынған жағдайлар болыпты.

Үңгір су құбыры мен электр сымдарымен жасақталған. Тұрғындар келген туристерге аз ғана төлем ақы үшін үйлеріне бір күн түнеп шығуға рұқсатын береді.

Оқи отырыңыз:

Махаббат үңгірі

Смартфонға тәуелді адамдарға арналған жол

17 қыркүйек – Павлодар қаласының негізі қаланған күн

Анкарада 6 мың адам Ататүріктің портретін құрап шығарды

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет: fototelegraf,ladiesnews.net

Н. Нұрмаханұлы