«Оскардың» селфи суреті флеш-мобқа айналды

«Оскардың» селфи суреті флеш-мобқа айналды

«Оскар» марапаттау салтанатында жүргізуші Эллен Дедженерес әлемнің үздік актерлерімен ұялы телефонына тарихи сурет түсірді.

Сол кеште жүргізуші «Оскар» тарихында болмаған әрекеттер жасап, жұртты таң қалдырды. Алдымен ол пиццаға тапсырыс берді. Брэд Питт оны жұлдыздар арасында таратты.

Кейін Эллен сахнадан өз-өзін түсіріп, әлеуметтік желілерге жіберіп отырды. Ал кейін тіпті залға түсіп, Голливудтың ең үздік жұлдыздарын жинап, естелікке суретке түсуді ұсынды. Былайша айтқанда, ыңғайлы сәт пен өзінің қызметтік дәрежесін пайдаланып қалды.

«Бұл сурет тарихта ең көп ретвиттелген сурет болады!» – деген сеніммен суретті Twitter желісіне жүктеді. Және шынымен солай болып шықты. Бірнеше минут ішінде сурет әлемді шарлап, қазірге дейін үш миллионнан астам ретвит жинап үлгерді.

Суреттен Анджелина Джоли, Мерил Стрип, Джулия Робертс, Дженнифер Лоуренс, Брэдли Купер, Кевин Спейси, Брэд Питт және Элленнің өзін көруге болады.

Жұрт трендті пайдаланып, дереу флеш-моб ұйымдастырып жіберді. Әлемнің түкпір-түкпірінде адамдар топтасқан селфи суреттер түсіріп, әлеуметтік желілерде бөлісті.

Тіпті әзілге айналдырғандар да болды:

Қазақстандықтар да трендтен қапы қалмады:

"Массагет" ұжымы да селфи сурет ұсынды:

Сурет: twitter.com

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina