- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Ел есінде қалған...
Ел есінде қалған ескі заңдар
- Қарызға алынған мал жыл өткеннен кейін төлеммен қайтарылады.
- Ұрғашы мал еркек малдан қымбат бағаланады.
- Қонақ қондырмағанға айып бар.
- Қонақасын дұрыс бермегендер жазаға лайық.
- Ауқатты адамдардың кедейге жәрдем беруі міндетті.
- Малды және басқа жануарларды зәбірлеу – қылмыс.
- Әдепті бұзғандарға жаза бар.
- Тентек үшін тек әке-шешесі ғана емес, бүкіл ауыл, сол ауылдың ақсақалдары жауап береді.
- Арақ ішіп өлгендердің жаназасы шығарылмайды және бөлек жерленеді.
- Оң жақта отырып екіқабат болған қыз қалыңмалсыз беріледі.
- Некесіз бала туған әйелге құрмет көрсетілмейді.
- Қарабет болған қыздың бұрымын кесіп масқаралайтын заңдар болған.
- Малдың өрісін, жусауын бұзғанға айып тағылады.
- Екі адамның бірі боранда үсіп өлсе, оның қасындағы қасқыр ішікті адам құн төлейді. (Өйткені, бір қасқыр ішік екі адамды суыққа бермейді).
- Тәртіпсіз шәкіртке дүре соғылады.
- Еңбегі үшін әркім ақы сұрауға хақылы. Бірақ асарда, үрмеде ақы сұрауға болмайды.
- Өртке, апатқа ұшыраған отбасына ауыл, көрші-көлем көмек (ақшалай, заттай, малдай) көрсетуге міндетті.
- Еркекке қынсыз, пышақсыз, бәкісіз жүруге болмайды.
- Соғысқа үйдің жалғыз баласы алынбайды. Екеу болса біреуі, бесеу болса үшеуі, сегіз болса бесеуі соғысқа алынады.
- Жиенге сот жоқ.
- Күйеуі қайтыс болса, әйелі бір жылға дейін тұрмысқа шықпайды.
- Әйелі қайтыс болса, ер адамға жылын күтпей үйленуге рұқсат беріледі.
- Жесір әйел ерден кетсе де елден кетпейді, күйеуінің ағасына не інісіне тұрмысқа шығуы тиіс. Егер әйел басқа біреуге кететін болса, бұл «жесір дауы» заңымен шешіледі.
- Қалыңдық абыройсыз болса және ол дәлелденсе, күйеу жағы қалың малын қайтарып алады.
- Ұрын келіп жүрген күйеу кейін қалыңдығын абыройсыз деп тапса, оның бұл сөзі қабылданбайды.
- Отанын, елін, дінін сатқандарды, дұшпанға жәрдемдескендерді ат құйрығына байлап, азаптап өлтіретін заң болған.
- Елге масқара болғанның, опасыздың, ұрының үйін ауылдан бөлек қондырған.
- Дала заңы бойынша ерлі-зайыптылар ажырасқанда балалар әкесінде қалады.
- Дін салты бойынша еркек төрт әйел ала алады.
- Еркектің белсіздігі анықталса, әйелінің айырылысуға хақысы бар.
- Әйел бала тумаса ері айырылысады және зәбірлемей төркініне еншісін беріп апарып салады.
- Ант бұзғанға айып бар.
"Жеті қазына" кітабынан
Оқи отырыңыз:Ауылдарды асыраған бұлақ көзі бітелуге айналды (Видео)
Смарт бесіктің құрастырушысы оның 12 ерекшелігі туралы айтып берді (Видео)
Дайндаған: Нұрбол Нұрмаханұлы
Н. Нұрмаханұлы