Массагет Хантәңірі шыңына туын тікті!

Массагет Хантәңірі шыңына туын тікті!

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАНДАР, БҰЛ ЖАЗБА 1 СӘУІР КҮЛКІ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАЗЫЛҒАН ӘЗІЛ МАТЕРИАЛ БОЛАТЫН. СОЛ СЕБЕПТІ ЖАЗБАДАҒЫ АҚПАРАТТАРДЫҢ ШЫНДЫҚҚА ЖАНАСПАЙТЫНЫН ЕСКЕРТЕМІЗ.

 

Санаулы минуттар бұрын Массагет порталының туы әйгілі Хантәңірі шыңында желбіреді.

Осыдан бірнеше күн бұрын әріптесіміз Фараби Арыстанбек (Әкежан Дәкен) сайтымыздың туын арқалап арнайы туристік экскурсияға аттанған болатын.

Бұл туралы Фараби Арыстанбек:

Дәл қазір шексіз бақытты болып тұрмын! Барлық оқырманыма жалынды сәлем жолдаймын! Сіздерді жақсы көремін! - деді.

Алдағы уақытта оқырмандарды Хантәңірі шыңына саяхат тақырыбы аясындағы фоторепортаждармен қуантатын боламыз.

Естеріңізге сала кетелік, бұған дейін порталымыздың бір қызметкерінің Mars One (бір бағытқа арналған сапар) жобасына өтініш білдіргенін хабарлаған болатынбыз.