Mars One миссиясы

Mars One миссиясы

Өткен жылы Curiosity Марс ғаламшарына қонған аппараты 2013 жылы Mars One деп аталатын ең үлкен миссиясын орындауы тиіс. Миссия мақсаты – қызыл ғаламшарға жер бетінен адамдар жинап апарып, сол ғаламшарды өмір сүруге қолайлы жағдай жасауға бейімдеу.

Жоба қайырымдылық сипатта жүргізіліп, оған қатысуға ерікті түрде адамдар бара алады (18 жастан жоғары). Бірақ Марсқа барғысы келетін адамдар жерге қайтып оралмайтынын ескеруі керек.

Mars One миссиясын Твент университетінің механикалық инженериясының магистры Бас Лансдорп және оның голландиялық Тәуелсіз университет магистрі Арно Вайлдерс екен. Біріншісі Марс туралы өмір бойы армандап, энергияны генерациялау әдістерін құрастырған. Ал екіншісі бұл миссияны қаржыландыратын адамдарды іздестірген. Оларға кейіннен графикалық дизайнер маманы Брайан Верстиг (Канада) қосылған.

Ең қызығы, Марсқа ұшатын адамдардың өмірі, бөтен ғаламда қандай жаңалықтар болатыны туралы онлайн түрде реалити-шоу жасалмақ. Ақырында екі әйел, екі ер адам ұшатын болады.   

Ұйымдастырушылар бұл жобаның барлық ауыртпалықтарын баса айтуда. Қатысушылардың жерге қайтып оралмайтынын, техникалық қателіктердің де орын алуын айтқан ұйымдастырушылар өз бастарының екеу еместіктерін жеткізгісі келетіндей.

Mars One командасы 2023 жылы бір-ақ Марсқа қонбақшы. Олардың әрқайсысы 50 шаршы метр кеңдікте өмір сүретін болады.

Қалай қатысуға болады?

  • Қатысушы 18 жастан асуы керек;
  • Денсаулығыңыз туралы дәрігер құжаты;
  • Бойыңыз 157-190 см болуы қажет;
  • Күнделікті 5 шақырым жүгіру;
  • Орыс, ағылшын тілдерінде сөйлей алу;

Барлық талаптан өтіп тұрсаңыз, сізге қатысуға болады. Ол үшін анкетаны толтырауыңыз керек.

Ғылыми зерттеулер

Егер миссия дұрыс жүргізіліп жатса, ғарышкер адам өмір сүруіне қолайлы жағдай туғызатын үлкен стансы соғылады. Мұнымен қатар, Марс қыртыстарындағы физикалық элементтер арқылы су, тағам дайындауға болады.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: furfurmag.ru

А. Құлтай