- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Қазақ сайттары редакторларының...
Қазақ сайттары редакторларының семинары өтуде
Дәл қазір Астана қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің ұйымдастырумен "Ақпараттық кеңістікте қазақ тілді тұтынушылардың белсенділігін арттыру жолдары" атты республикалық семинар өтіп жатыр.
Семинарға қазақ сайттарының редакторлары, министрлік өкілдері қатысуда. Семинар қатысушылары өз ойларын ортаға салып, қазақ интернетіндегі түйткілді мәселелердің шешімін табуға талпыныс жасауда.
Спикерлердің бірі "Қазконтент" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Н.Әшім
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитеті төрағасының орынбасары Шерубай Құрманбайұлының айтуынша, қазір интернет тілі шұрайлылығын жоғалтып бара жатыр. Осы жолда сайттар сауатты жұмыс жасауы керек. Ал семинар модераторы, Абай.кз сайтының бас редакторы Дәурен Қуат мемлекеттік сайттардағы мемлекеттік тілдегі контентті сараптайтын арнайы зерттеу орталығы құрылғаны жөн деген пікір айтты. "Мінбер" журналистерді қолдау орталығы жанындағы Жаңа медианы зерттеу тобының жетекшісі Асхат Еркімбай қаржылай қолдауы жоқ қазақ сайттарының интернеттегі жасап отырған жұмысының салмағын баса айтып, бұл сайттарға қаржылай қолдау көрсету керек деді.
Massaget.kz өз тарапынан спикер ретінде өз ұсыныстарын ортаға тастады.
Арнайы Массагет.кз үшін Астанадан: Мейіргүл Оңғарова
Сурет автордікі
Р. Роза