Қазақ сайттары редакторларының республикалық семинары өтеді

Қазақ сайттары редакторларының республикалық семинары өтеді

2013 жылдың 16 қазаны күні Астана қаласы, Қазақ ұлттық өнер университетінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің ұйымдастырумен "Ақпараттық кеңістікте қазақ тілді тұтынушылардың белсенділігін арттыру жолдары" атты республикалық семинар өткізіледі. Бұл туралы Massaget.kz-ке Тіл комитетінің талдау және мониторинг басқармасының маманы Толқын Жолдыбайқызы хабарлады. Толқын Жолдыбайқызының айтуынша, осыған дейін бұндай жиындар тек ерікті топтың бастамасымен өткізіліп келген болатын. Бұл – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мұрындық болып отырған алғашқы жиын. 

Семинарға барлық қазақ сайттарының редакторлары қатысады. Қатысамын деушілер мына байланыс телефондары арқылы тіркеле алады: 8/7172/ 74-04-56, 74-05-10, 87015776943.

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: astana-photo.ucoz.kz 

Р. Роза