Generous [ˈdʒɛn (ə)rəs] — ақкөңіл
Балықтар жарты құртты жарып, бүтін құртты бөліп жейді, біреудің өтінішін кері қайтара алмайды, әріптесіне кешке дейін кеңседе көмектесуге қала алады. Олар өзіне асыл деп бағалаған уақытын, ақылын және материалдық заттарын да бөліседі. Қысқасы, Балықтар сараң емес.
Spiritual [ˈspɪrɪtʃʊəl] — рухани
Балықтарға ішкі сезіммен, жай-күйімен жұмыс істеген ұнайды. Өзін-өзі тану, йога, түс жору, псхоанализ, пәлсапа, адамзатты, жаратылысты түсіну секілді тылсым дүниелерді зерттеп, ізденеді. Өнер мен мәдениеттегі психология тақырыбына қызығады. Ішкі күйдің арпалысы, жан айқайы Балықтар үшін аса маңызды.
Lazy [ˈleɪzi] — еріншек
Балықтар шығармашылық бағытты ұстанғандықтан, оларға дедлайн, шарт, ереже ұғымдары санасына сыймайды. Бұл ұғымдар жұмыс барысын тежейді, сәйкесінше еріншектікке ұласады. Кейде мотивацияны "керек" сөзі бұғаттайды.
Fluid [ˈfluːɪd] — ауыспалы
Ағылшын тілінде fluid сөзі "сұйықтық" және "ауыспалы" деген мағына береді. Когнитивті мағынасында бұл сөздер Балықтарға үйлеседі. Себебі, көл, өзен, теңіз, мұхит– сұйықтық (су стихиясы), ауыспалы – ағыс мағынасында жұмсалады. Балықтарды осы сөзбен сипаттауға болады. Олар жайлы орыннан, комфорт зонасынан ауысуға қорықпайды.
Devoted [dɪˈvəʊtɪd] — адал
Балықтар кез келген жұмысқа, қарым-қатынаста "жақсы жүзеді". Бәріне салмақты қарайды: ата-ана атанса, бала тәрбиесі эксперті бола алады, жұмысқа орналасса, әріптестермен жақсы қарым-қатынас орнатады. Оған қоса, Томиристің балыққа аллергиясы барын, Әселдің жасыл түсті ұнататынын ұмытпайды. Ғашық болса, мәңгілікке.
Anxious [ˈaŋ(k)ʃəs] — алаңдаулы
Алдын ала сезудің жағымсыз жағы бар – көз жетпейінше алаңдау. Балықтарға осы қасиет тән, олар жайсыз жайтты алдын ала болжайды не сезеді. Егер оның қоңырауына дер кезінде жауап болмаса, "тұтқаның ар жағындағы адамға не болуы мүмкін?" деген тақырыптағы неше түрлі сценарий туады.Ағылшын тілінде fluid сөзі "сұйықтық" және "ауыспалы" деген мағына береді. Когнитивті мағынасында бұл сөздер Балықтарға үйлеседі. Себебі, көл, өзен, теңіз, мұхит– сұйықтық (су стихиясы), ауыспалы – ағыс мағынасында жұмсалады. Балықтарды осы сөзбен сипаттауға болады. Олар жайлы орыннан, комфорт зонасынан ауысуға қорықпайды.
Impressionable [ɪmˈprɛʃ(ə)nəb (ə)l] — әсерленгіш
Жаны нәзік, жүрегі жараланғыш жаратылыстардың бірі – Балықтар. Кино көрсе, кейіпкердің күйін кеше алады. Болмашы затты сый деп қабылдайды. Оларды қуанту да, ренжітіп алу да оңай. Есесіне реніші тез қайтады.
Moody [ˈmuːdi] — жабырқау
Әлемнің бірқалыпты үні мен әр түрлі дамуы не толық дамымағаны Балықтардың көңілін түсіреді. Бір кезек мұңға батса, біразға дейін шыға алмай жүруі мүмкін. Мұның бәрі алдыңғы әсерленгіштіктен туындап отырған жайт.
Compassionate [kəmˈpaʃ(ə)nət] — жұбатқыш, қамқор
Балықтар ақкөңіл әрі әсерленгіш келгендіктен, жүрегі мейірімге толы болады. Сол себепті жиі қайырымдылықпен (charity) айналысады. Жетім, аурушаң балаларға, қараусыз қалған қарттарға, қорлық көрген аңдарға аяушылықпен қарап, көмектескісі келеді. Мұндай қасиеттермен Балықтар медбике, психотерапевт не әлеуметтік қызметкер бола алады.
Solo [ˈsəʊləʊ] — жеке
Балықтар жалғыздықтан, жалғыз қалудан қорықпайды, керісінше, ләззат алады. Адал дос бола алатындығына қарамастан, жеке шығармашылықпен не бір өзі үй жинаумен айналысқанды құп көреді. Көпшілік деген ұғыммен достаса бермейді, қонаққа барғанды да аса ұнатпауы мүмкін.
Осы аталған 10 белгі танымал Балықтарда кездесе ме екен?
Танымал Балықтар шоқжұлдызында туғандар