Жақсылық Үшкемпіровтің
көпке үлгі болар
7
сөзі
көпке үлгі болар
7
сөзі
Бүгін көзі тірі болғанда даңқты балуан Жақсылық Үшкемпіров 70 жасқа толар еді... Ажалға амал бар ма? 2020 жылдың тамызында қазағын мақтан тұтқан тұлға мәңгілік сапарға аттанып кете барды.
Жақсылық Үшкемпіровтің қазақ спорты тарихына қосқан үлесі орасан. Боз кілемдегі жетістігі ғана емес, боз дала мен бозбалаға жасаған жақсылығы да көп болды. Елімізде спорт саласының кең қанат жаюы жолында зор еңбек сіңірді. Өмірдегі әрбір қадамы мен атқарған істері бір төбе. Қайырымдылық шараларға белсене ат салысты.
Даңқты балуан кездесулер мен сұхбатында ауылды қолдау, жастарды спортқа баулу мәселесін жиі көтерді. Ауылына газ тартып, спорт кешенін, балабақша, қолжетімді пәтер салып көпке үлгі болды. Қазақ кәсіпкерлерін ауылды қолдауға шақырды. Халқымыздың шынайы мақтанышына айналған ұлы болды. Қазақтың маңдайына біткен Жақсылығы еді!
Даңқты балуан кездесулер мен сұхбатында ауылды қолдау, жастарды спортқа баулу мәселесін жиі көтерді. Ауылына газ тартып, спорт кешенін, балабақша, қолжетімді пәтер салып көпке үлгі болды. Қазақ кәсіпкерлерін ауылды қолдауға шақырды. Халқымыздың шынайы мақтанышына айналған ұлы болды. Қазақтың маңдайына біткен Жақсылығы еді!
Артында қалған жұрты Жақсылықтың жарқын жеңісі мен жақсы ісін ұмыта қойған жоқ, ұмытпайды да. Әр сөзі көпке болар мән-мағынаға ие. Жастарға бағыт-бағдар болар темірқазық іспетті.
Төлеген Жәкітайұлының балуанмен сұхбат-хикаят болып шыққан кітабындағы осы бір сөздерге мән беріп қарайықшы. Тұнып тұрған таным-тәрбие дерсің.
Тәжірибелі спорт мамандарына жағдай жасап, оларды ел ішіне, ауылды жерлерге жиі жіберу керек. Әлі де кеш емес. Дарынның көбі ауылда. Тек тани білу керек, спортқа тарта білу қажет. Тек қана спортқа емес, өнердің бар саласына ізбасар іздеген шын жанашыр азамат ауылға барсын. Жалықпай іздесін, үгіт-насихат жүргізсін. Қазақы қаны бар ертеңгі ұлт патриоттары сол жақта тұнып жатыр деп, кім кіммен де бәс тігуге бармын.
1
КСРО құрамасына алғаш қосылғанымда мен штангадан асса 70-80 келі көтеретінмін. А.Шумаковтан қайтсем озамын деп іштей егесіп жүріп, шалқадан жатып көтеруде 150 келіге жеткіздім. 20 шақырымға жүгіруде КСРО құрамасында 10 жылда бір жігіт алдыма түскен жоқ. Жерге қол тіреп көтерілу мен турникке тартылуда да жұрттың алдында болдым. Құрамадағы жігіттермен бір бәстескенде судың астында демімді тартып 4 минутқа дейін шыдағаным бар. Мұның бәрі мақтан үшін емес, жастардың тәлім алуы үшін айтып отырмын. Өзіңнің атыңды емес, спортқа бойыңдағы барыңды түгел сал.
2
Күрескенде қарсыластың оң қолына тура жабысып алатын әдісім бар еді. Ұстаған жерімді бар күшіммен сығымдап қысамын. Қандай мықты кісінің қолы екі жерден аяусыз сығымдалғанда, асса екі минуттан кейін салдырап, біразға дейін жаны кетіп, істемей қалады. Себебі қан жүрмей қалады. Сонда ол маған қарсы жалғыз қолымен не істей алады? Оның қолының ұйығаны тарағанша мен өз әдістерімнің бірі жасап, бірнеше ұпай алып үлгеретін едім.
3
Біздің балуандарымыздың ешқайсысы осал емес. Бірақ, бір байқағаным, өзін-өзі іштей қайрау, жігерлене білу аз секілді. Аздаған қиындыққа сыр беріп, бірер сәтсіздікке бола мұқалып қалатындай көрінеді. Кейбіреуі күресті доғара қойғысы келіп, соған даяр тұрады. Балуандар әлемдік аренаға шығудың азабын тарта білуі керек. Шын спортшы соны түсінсе деймін. Спортты оңай тірлікке балап, атағыңды тез шығаруға болады деп ойлайтын жастар қатты қателеседі.
4
«Сыйлассаң сыйымды боларсың» дегенді санаға сіңіріп өскен, тәрбиеміз сондай болған жанбыз. Үлкенді де, кішіні де сыйлаудан жаман болғаным жоқ. Бір оқиғаны айтайын. Мәскеу Олимпиадасы басталар тұста бапкерлер «Олимпиада кезінде кіммен бір бөлмеде тұрғың келеді?» деген жасырын анкета жүргізді. Ол кезде екі жігітке бір бөлмеден орын берілетін. Анкетаны жеке-жеке жасырын түрде толтыртты. Құрамада 10 жігітпіз. Сонда 9-ы бірдей менімен бірге тұрғысы келетінін жазыпты. Мен болсам: «Шәмілмен және бәрімен» деп жаза салған едім. Осы оқиғаның өзі біздің достығымыздың, сыйластығымыздың бір айғағы болса керек.
5
Мен Олимпиада чемпионы атанған соң, келер жылы Қазақстан чемпионатында тағы күрестім. Сол 48 келі салмақта. «Олимпиада чемпионы ғой, салмақ қуғызып, қинамай-ақ 52 келіге күрестірейік» демеді. Бір жолға сөйтсе де болар еді ғой. Жоқ, өйтпеді. Себебі, тәртіп солай. Ал қазір ше? Егер бір бауырымыз Олимпиаданы ұта қалса, бапкерлеріміз оны одан соң Қазақстан чемпионаты былай тұрсын, Азия ойындарына апарамыз ба, жоқ па деп ойланады. Біздің спорттағы ең үлкен қателігіміз осы. Әлі күнге дейін тәртіпті орнықтыра алмай жүрміз.
6
Дүниеге қатты құмартқан емеспін. Күрестің арқасында жер шарының елуден астам елінде болдым. Сол кезде біздің елдің түсіне кірмеген талай қымбат заттарды көрсем де, біреуін сатып алмайтынмын. Мен бір нәрсе ала қалсам, сырт көз «халқы дүниеқоңыз екен» деп айтатындай көрінетін. Қанша шет елдің топырағына табан тиді, тек жеңуді ғана ойлап барам. Маған сол жеңіп қайтсам болды, өзгенің құны көк тиын еді.
7