YouTube әлемі
Қазақстан бұл әлемде қалай саяхаттап келеді?
Тарихы
Әлемнің ең ірі видео-хостингінің негізін қалаған PayPal компаниясының бұрынғы қызметкерлері болатын. Олар Flash Video (FLV) технологиясын қолдану арқылы сапалы видео жазбасына мүмкіндік берді. Бұл жоба көңіл көтеру үшін таптырмас құралға айналды.
Чад Херли
Бас дизайнер
Стив Чен
Инженер-құрастырушы
Джавед Карим
Инженер-құрастырушы
14.02.2005
14.02.2005
Туған күн
Дәл осы күні YouTube желісі доменді тіркеді. Ал, ресми түрде желі қараша-желтоқсан айларында іске кірісті.
23.04.2005
23.04.2005
Алғашқы видео
Алғашқы видео Джавед Каримнің атынан жүктелді.
2006, күз
2006, күз
Google компаниясымен байланыс
YouTube желісін Google компаниясы 1,65 миллиард долларға сатып алды.
14.11.2007
14.11.2007
Орыс тілді нұсқасының пайда болуы
Орыс тілінде жүктелген алғашқы видео "Гитара" әніне түсірілген Петр Наличтің бейнебаяны
2011, желтоқсан
2011, желтоқсан
Өзгерістер уақыты
YouTube өзінің графикалық интерфейсін өзгертті: жаңа түсті гаммалар пайда болды. Видео қою түсті фонда ойнатылып, интерфейсте қою әрі қанық түстерді қолданды. Ашық қызыл түсті қою қызыл түске алмастырылды. Видео арналар басты беттің орталық аймағына ауысты.
27.06. 2014
27.06. 2014
Видео сапасындағы өзгерістер
YouTube желісі енді видеоларды жоғары жиілікте қарауға болатынын хабарлады: секундына 48 немесе 60 кадр – арнайы эффектілер мен қозғалыстың бірқалыпты болуына әсер ететін. Оған дейін кадрлардың жиілігі 24 к/с болған.
27.01.2015
27.01.2015
Flash-плеер өзгерісі
YouTube желісі Flash-плеер-ді ауыстырды. Қазір қолданыста – HTML5-плеер.
23.02. 2015
23.02. 2015
Балалар жекеменшігі
Google компаниясы YouTube желісінің балаларға арналған бағытын жариялады.Ол «YouTube Kids» деп аталады.
16.03.2015
16.03.2015
Жаңа қызмет түрі
YouTube желісінде жаңа қызмет түрі пайда болды: «Кеңестер» (Подсказки) деп аталатын қызмет түрі видео, тауарлар туралы жаңалықтармен бөлісуге көмектеседі.
28.10.2015
28.10.2015
Қызыл түсті YouTube
YouTube желісі YouTube Red сервисін іске қосты: бұл қызмет түрін пайдалану арқылы жарнамасыз видеоларды қарауға болады.
2017
2017
Теле-платформаның құрылуы
YouTube желісі АҚШ аймағында өздерінің жеке YouTube TV атты теле-платформасының болатынын хабарлады. Сервис онлайн режимде жұмыс істейтін болады. Айына $35 төлеп, хабар тарататын әрі кабельді арналарды қарауға мүмкіндік алуға болады. Сонымен қатар, бұл сомаға YouTube Red қызметі де кіреді
2017, тамыз
2017, тамыз
Әлеуметтік желі элементі
YouTube мобильді бағдарламалары жеке хабарламалар бөлімін іске қосты: қолданушы видео мен алған әсерімен бөлісе алады. Сонымен қатар, бұл қызмет түрі 30 адамға дейін қосылуға болатын топтық чаттарды құруға мүмкіндік береді.
29.11.2017
29.11.2017
Жаңартулар
YouTube сайт пен бағдарламалар дизайнын жаңартты. Алғаш рет логотипті өзгертті. Одан бөлек, ұялы телефон бағдарламсында видеолар экран өлшеміне қарай бейімделе алады.
2018, қаңтар
2018, қаңтар
Бәрі Android үшін...
YouTube желісі Android бағдарламасына арналған мобильді қосымшадағы жаңартулар туралы хабарлады. 2018 жылдың маусымында ғана бұл өзгерістер іс жүзінде қолданыла бастады: Android қолданушылары түнгі және инкогнито режимін таңдай алады.
2018, мамыр
2018, мамыр
Ән тыңда
Youtube желісі 44 елде ғана арнайы жинақталған музыкалық хит-парадты көрсететін болды.
Деректер кезегі:
  1. YouTube арнасы толықтай Python бағдарламалау тілінде жазылған.
  2. Видеохостинг автоматты түрде 51 тілді танып, видеоға жүгіртпе жол құрастыра алады.
  3. YouTube әлемнің 79 елінде қолданылады.
  4. Алғашқы миллион көрілімді 2005 жылы қыркүйекте «Позолота» видео-ролигі жинаған. Бұл видеодан бразилиялық футболист Рональдиньо (Ronaldinho; Ronaldo de Assis Moreira; Ronaldinho Gaúcho) Nike брендіне жарнама жасайды.
  5. YouTube арнасын белсенді түрде қолдана бастаған алғашқы әлемдік көшбасшы – Тони Блэр (Tony Blair).
  6. 2010 жылғы есеп бойынша YouTube желісіндегі барлық видеоны қарауға 1700 жыл керек.
  7. 2011 жылы 14 желтоқсанда әлемдегі ең ұзақ видео желіге жүктелген. Оның авторы – MoldytoasterMedia, ал ұзақтығы – 596 сағат 31 минут.
  8. 2012 жылы 21желтоқсанда YouTube және ғаламтор тарихында алғаш рет видеоның көрілім саны 1 миллиардтан асты. Бұл видео Оңтүстік Корея әншісі PSY-дың «Gangnam Style» әніне түсірілген бейнебаян болатын. Ал, 2014 жылы 31 мамырда бұл көрсеткіш 2 миллиардқа жеткен.

YouTube желісін қалай табыс көзіне айналдыруға болады?
Контент
Барлық ақпараттық құралдары секілді бұл желіде де сапалы контент қана негізгі аудиторияны жинай алады. Сіздің бағытыңыз айқын және нақты болуы шарт. Статистика бойынша, көңіл көтеру бағытындағы видеоларға деген сұраныс жоғары. Егер табысқа қол жеткізгіңіз келсе, алдымен жан-жақты зерттеу жүргізгеніңіз дұрыс.
Монетизация
Желімен серіктестік қарым-қатынас орнату арқылы жарнамадан түсетін табыстың сізге тиесілі бөлігі мен көрілім саны бойынша қажетті қаражатты аласыз. Ескеретін жайт: YouTube желісі жарнама бойынша видео көріліміне, не жарнама көрсетіліміне емес, батырманы басып серіктес сайтына өткенді ғана есептеп, соған төлейді. ТМД елдері бойынша 1000 көрілімге орташа сома – 2$-ға жуық
1.1 Жарнама
Тапсырыс берушінің сайтына сілтемені видеоның арнайы сипаттама (описание) аймағына орналастыруға болады. Басты міндет жарнама мен видео контенттің тақырыптары сәйкес болуы тиіс. Беделді блогерлер мен аудиториясы қалыптасқандар үшін таптырмас табыс көзі.
Google Adsense жарнамалық бағдарламасын қолдану. Бұл – роликтің төменгі бөлігінде көрсетілетін мәтінді хабарлама. Басты ерекшелігі, тақырып пен арна талғамайды.
1.2 Жарнама
Арнаның негізгі парақшасына жарнамалық баннерді орнату арқылы да табыс табуға болоды. Бұл жарнаманың көлемі – 300х250 пиксель. Ол үшін де Adsense жарнамалық қызмет түрін қолданасыз
Жарнамалық роликтерді видеоның не басында, не аяғында көрсету де табыс көзі. Жарнаманың бұл түріне жарнамалық роликті 30 секунд қараған кезде ғана ақша төленеді. Бұл нұсқа сапалы арналар үшін пайдалы.
"Пікір білдіремін":
Қазақстан YouTube желісін бағындырамын (бағындырып) деп еңбек етіп жүргендерге бірнеше сауал қойған болатынбыз. Олар былайша жауап берді.
1
100 адамға жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша "YouTube желісін тек іш пысқанда қараймын" дейтіндер 78% көрсетті. Яғни, бұл халықтың танымдық бағдарламалардан көрі ойын-сауыққа құмар екенін білдіреді. Қалай ойлайсыз, қазір танымдық бағдарламаларды жасау қаншалықты тиімді?
Меніңше, ойын-сауық контентінен гөрі негізгі назарды танымдық, ақпараттық, сауат арттыратын контентке аударсақ, қазақ аудиториясын тәрбиелеп, бойларында ғаламтордың жалпы қолдану әдебін сіңіреміз. Ия, біраз уақыт ұтыламыз, адамдар көрмейді, қаралым аз. Дегенмен, уақыт өте келе бұл әдіс жемісін береді.
Айдос Маруан
"Salem Social Media"
Контентмейкер
Негізі ғаламтор атаулысының өзі іш пысқандағы әңгіме ғой. Әр түрлі аудитория бар және соған сай контент бар. Халықтың саналық деңгейін оның тамашалайтын контентінен-ақ аңғаруға болады. Демек, танымдық бағыттағы контент қазіргі сәтте қажет. Бірақ тиімсіздеу.
Ықылас Тұрсынбек
"DAT"
Контентмейкер
100-78=22! Жаман емес! Саналы адамдардың пайыздық көрсеткіші артып келе жатқанына қуанамын. Mail.ru – агентті қойып, Gmail-дан пошта ашуды үйренген қазекем болашақта бүкіл танымдық дүниені YouTube желісінен іздейтін болады. Бұған еш күмәнім жоқ.
Олжас Оқас
"QAZ Kolesa kz"
Контентмейкер
2
Жалған патриотизм, сасық хайп немесе жасанды қойылым: Кейде қазақ тіліндегі видеоларды қарап отырып, дәл осындай ой келеді. Отандық YouTube желісіне не жетіспейді және не дұрыс, не бұрыс?
Біздің БАҚ көшін ұстап отырғандар, телеарналардың инвесторлары мен акционерлері ҚАЗАҚ емес, тіпті қазақ болса да ЖАНАШЫР емес. Әрине, экономиканың заңы бойынша олардың көздегені – тек коммерция. Ол үшін оларды даттаудың қажеті жоқ, жәй ғана жастар тарапынан білімді шыңдап, аға буын өкілдерін ысыру керек. Толқыннан толқын туады, толқынды толқын қуады. Біз міндетті түрде аға буын өкілдерінің орнын басамыз, әлбетте, соған лайықты және мықтырақ болуымыз керек.
Айдос Маруан
"Salem Social Media"
Контентмейкер
Келісемін. Деңгей төмен. Алайда, жоқтан бар. Қанша дегенме,н оның өзі қазақ YouTube желісінің даму жолында тер төгіп жатыр ғой. Не дұрыс, не бұрысын білмеймін, бірақ, дәл қазіргі сәтте қазақ YouTube желісіне бәрі жетіспейді.
Ықылас Тұрсынбек
"DAT"
Контентмейкер
Отандық YouTube-қа санасы орыстанбаған, идеялық реактор бола алатын тұлғалар керек. Өзіңіз айтқан жалған патриотизм, жасанды қойылым, хайп-шмайптың бәрі уақытша нәрсе. Ізгі ниет пен идея - өміршең. Youtube-қа нық қадаммен келген адамды көрермендер қолдап, дамуына сеп тигізіп, арқасүйер болады.
Олжас Оқас
"QAZ Kolesa kz"
Контентмейкер
Ұсыныс: әлем және Қазақстанның үздік арналары
Пікір білдірген YouTube контентмейкерлері мен сауалнама барысында көрермендер ұсынаған желідегі арналар тізімі қандай?
JURTTYŃ BALASY
Елдегі әлеуметтік-саяси тақырыптарды ашық көтеріп, ойын еркін білдіреді.
Worldstarhiphop және Vevo
Әлемдегі басты музыкалық арналар. Музыка әлемінің жаңалықтары мен қызықтарын осы арналарды тамашалау арқылы білуге болады.
MovieScience және ANIOR
Кино әлеміне қызығушылық танытатын болсаңыз, бұл арналардан керекті ақпаратты ала аласыз. Дегенмен, бұл арналар жан-жақты талқылайтындықтан, "спойлер" үшін жек көріп кетуіңіз әбден мүмкін.
Garward Busines School, MIT, Priston
Университет лекцияларын тыңдау арқылы таным көкжиегіңізді арттыра аласыз.
3
Сізді байытатын – көрермен. Сіз жасаған дүниенің бағалануы да көрерменнің талғамына байланысты. Ал, қазақстандағы көрермен деңгейі қандай?
Көрермен деңгейіне пікір айтатындай ол әлі тұрақтанған жоқ. Интернет ауыл аймаққа жетті, урбанизация, қазақ қоғамындағы түрлі адамдар қатары, түрлі бағыт беріп жатыр. Уақыт керек, бәрі жақсы болады. Ал әзірге, нашарлау, әрине. Ютубте отыру ол жәй ғана көру емес қой, онда көптеген дүниелер орын алған. Интеллектуалды меншік, авторлық құқық, спам, еркіндік, бақылау, пікір жазу өнері және тағы басқа терминдермен таныс болса көрермен деңгейі өседі.
Айдос Маруан
"Salem Social Media"
Контентмейкер
Көрермен деңгейін өсіретін – біз. Ал, деңгейі төмен көрермен – тұтынушы емес. YouTube-тан баю үшін көрермен деңгейін өсіру қажет. Әзірге, бұл жәй ғана түс.
Ықылас Тұрсынбек
"DAT"
Контентмейкер
Өкінішке қарай, әзірше көрерменнің талғамы төмен. Бірақ, сол аудиторияны тәрбиелейтін де блогерлер. Сапалы контент жасайтын адамдар саны артқанда көрермен талғамы өзгереді. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтың «Ел болам десең бесігіңді түзе» деген терең мәнді нақылы бар емес пе, соны интерпретацияға салсақ «Ел болам десең, YouTube-ыңды түзе» болушы еді.
Олжас Оқас
"QAZ Kolesa kz"
Контентмейкер
MASSAGET ЖӘНЕ YOUTUBE
Massaget.kz жастар порталының желідегі парақшасыннан сапалы танымдық-ақпараттық бағыттағы видео материалдарды табуға болады.
Әке жолы | Шаңырағына құт қонған құсбегі
Massaget TV
YouTube желісіндегі арналардың негізін қалаушылар арнайы деңгей бойынша жұмыс істейді. Олардың еңбектеріне сай желі басшылығы оларға арнайы батырмалар сыйға тартады.
Графит

1-1000 жазылушы
Жылтыр тас (Опал)

1000-10000 жазылушы
Қола

10000-100000
Күміс және одан жоғары

100 000 жазылушыдан жоғары
Он жылды білмеймін, бірақ бес жылдан соң YouTube толыққанды ТВ өлтіреді. Интернеттегі негізгі видеоконтент YouTube тиесілі болады. Монополист атанады, өнімі жақсарады, қолданушылар көбейеді. Ал он жылдан соң бәлкім ребрендингке ұшырайды не мүлдем жоқ болады...

Айдос Маруан
"Salem Social Media"
YouTube желісінің қолданушылары күн санап артып келеді.
Ақпаратқа шөлдеген заманнан асып, ақпаратқа тойған дәуірге аяқ басып келеміз. Жазба ақпараттан суретке, аудиоға, видеоға көштік. Оның бәрін ығыстырып тастап "қолжетімді" деген ұғыммен ұштастырдық. Әлемде қаншама адам болса, соншалықты идея бар. Идеялардың тоғысатын жері – желі. Сіз болашақта YouTube желісінен нені көргіңіз келеді? Алдағы 10 жылдықта қалай өзгереді деп сенесіз, пікіріңізді білдіруді ұмытпаңыз.
Томирис Есқали
Контент-менеджер