ӘЛЕМДІ АСЫРАП ОТЫРҒАН МҰНАЙ
Мұнай – әлемді асырып отырған, ең қажетті пайдалы қазбалардың бірі. Бәрінен бұрын мұнай транспорт отыны ретінде қажет болса, одан бөлек оны мұнай-химиялық өнеркәсіп саласында кеңінен қолданады. Сонымен қатар, фармацевтикада (дәрі өндірісі) мұнайдың қолданысы артып келеді.
Мұнай – «барлық пайдалы қазбалардың анасы»: оларды өндірудегі энергия көзі. Адам денесіндегі қан айналым жүйесі секілді, мұнай әлемнің «қаны» іспеттес. Мұнайсыз барлық сала өз жұмысын тоқтатады.
Мұнай – «барлық пайдалы қазбалардың анасы»: оларды өндірудегі энергия көзі. Адам денесіндегі қан айналым жүйесі секілді, мұнай әлемнің «қаны» іспеттес. Мұнайсыз барлық сала өз жұмысын тоқтатады.
Мұнай деген не?
Мұнай — көміртек және сутегі молекулаларынан және ыдыраған ағзалардың (балдыр, планктон, жерасты өсімдіктері) жиынтығынан тұратын сұйық қазба отын. Органикалық зат бірнеше жылдар бойына теңіз, мұхит астарында, жер қыртыстарында жинақталады. Нәтижесінде қатты зат — кероген пайда болады. Ол қысым мен 50-300 Цельсий градусында белсенді бола түседі. Миллиондаған жылдар бойына жинақталған кероген мұнайға, табиғи газ, көмірқышқыл газы мен суға ыдырайды. Тау шөгінділері арқылы судың жылжуы жердің астыңғы қабатында көмірсутектің жинақталуына алып келеді – нәтижесінде мұнай коллекторлары түзіледі.
Көмірсутектердің құрамдық ерекшелігіне сәйкес мұнай коллектордан коллекторға өзгеріп отырады.
Көмірсутектердің құрамдық ерекшелігіне сәйкес мұнай коллектордан коллекторға өзгеріп отырады.
Адамдар алдымен жер қойнауындағы мұнайды алуды үйренді: мұнай ұңғымасымен бұрғылау нәтижесінде ілеспе газ жердің астыңғы қабатына өтіп, қысым түскен кезде бұрқақ ретінде мұнай жер бетіне шығады. Мұнайдың өзге де түрлері бар: ауыр мұнай, күкіртті мұнай және жанғыш тақтатас та жатады.
Бір баррель 159 литрге тең: жартысы отын ретінде қолданады (транспорт, пойыз, кемелер), 20%-ға жуығы мұнай-химиялық өндіріске жұмсалады.
Бір баррель 159 литрге тең: жартысы отын ретінде қолданады (транспорт, пойыз, кемелер), 20%-ға жуығы мұнай-химиялық өндіріске жұмсалады.
Мұнайды қолдану тарихы
Мұнайдың пайдасы ежелден-ақ белгілі, дегенмен оны өндіру тек 1859 жылы Эдвин Дрейк Пенсильвания штатында алғаш рет бұрғылау арқылы мұнай алған сәтінен басталды. Осыдан кейін «алтын» өндіру безгегі орын алды: тек «алтын» дегеніміз осы жолы мұнай болатын. Ал, мұнайдың «екінші рет өмірге келуі Ресей империясы кезінде, Бакуде ағайынды Нобельдер арқасында жүзеге асты. Осылайша, бір-бірінен мыңдаған километр қашықтықта орналасқан Ресей мен АҚШ мұнайдың «ата-анасы» атанды. «Алғаш ашқандар» атағана ие болу біз әлі күнге дейін сезінетін геосаяси мазасыздыққа алып келді.
Күлкілі естілгенімен, мұнай - сол уақытта китті аман алып қалған табиғат байлығы. Кит және өзге де теңізді мекендейтін сүтқоректілердің (кашалот, итбалық) секілді жануарларды майы пайдалы әрі қымбат болғандықтан, оларды бей-берекетсіз аулау қарқыны сол сәтте артқан болатын. Одан майшам жасаған, пойыз және бу көліктерінің жұмысын жеңілдететін май ретінде қолданған. Ал, бір ұңғымада мұнайдың көп болғаны соншалықты, ол бір жыл бойына ауланған киттерді алмастыратын еді. Мұнай бірден майдың өзге түрлерін де алмастырды.

Оны жер астынан өндіріп алу аса қиындық тудырмайтындықтан, ол қосымша табыс алып келе бастады. Дайын бұрғы ұңғымалары қосымша инвестицияны керек етпеді. Алғашқы қаржылай көмектен соң, өнімнің бағасы оның көлемі артса да өзгеріссіз қалды.
Мұнайдың физикалық қасиеті оны барлық техникалық үрдістердің негізгі көшбасшы етті – ең қарапайым әрі тиімді энергия көзі ғана емес, жаңа механизмдердің негізгі бірлігіне айналды. Мұнайдың танымалдылығы алғашқы электрокөліктердің дамуына кедергі келтірді. Өкінішке орай, оның энергетиалық тұрғыдан тиімділігі мұнай тарихын соғыстармен ластады.
1861-1865 жылдары АҚШ аймағында өткен азаматтық соғыс керосинге сұранысты арттырды: майлауыш материалдар мен соғыс зауыттарын сольвентпен қамтамыз етті, темір жолдар мен зеңбірек және алғаш құрышпен қапталған кемелердің қолданысына себепші болды. Мұнай алғашқы «механикалық» соғыс үшін жағдай жасады. Мұнай өз тарихын бірнеше қауіпті қарулармен толтырады.

Мұнай геосаясаты
"Ұлттың бәрінен артық екенін оның орналасқан аймағында қаншалықты мұнай кездесетіндігімен өлшеуге болады"
Джон Калвин Кулид
Джон Калвин Кулид
Геосаясат — әртүрлі мемлекеттердің күштілігіне жүргізелетін сараптама. Физикада күш ватт арқылы есептеледі. Сәйкесінше, мемлекеттер шекарасындағы қазбалар мен олардың энергетикалық өзара құндылықтары арқылы бәсекеге түседі. ХХ ғасырда әлемнің ірі державалары Ресей мен АҚШ энергетикалық жиынтық, соның ішінде мұнай өндіру бойынша көш бастады. Жиырмасыншы жылдары «жыртқыш» атағына ие болған АҚШ президенті Джон Калвин Кулидж бір сөзінде: «Ұлттың бәрінен артық екенін оның орналасқан аймағында қаншалықты мұнай кездесетіндігімен өлшеуге болады», – деген болатын.
Сол уақыттары алдыңғы қатарлы дамыған елдер баға жетпейтін «қара алтынды» өндіруге болатын жерлерді өз бақылауларына алуға асықты. Мысалы, 1918 жылы Франция премьер-министрі АҚШ президенті Вудро Вильсонге телеграмма жіберіп, 100 тонна мұнай беруін өтінді. «Алдағы шайқастарда бензиннің құндылығын қаннан мың есе артық болмақ», – деп жазған ол. Сталинград түбіндегі шайқастан бастап (Германияның ұлтшыл тобы Баку ұңғымасына ие болу мақсатында соғыс бастады) Перл-Харбор шайқасына (жапондықтар индонезиялықтарға қарсы) дейінгі барлық қантөгісте мұнай әрқашан нысана көзі болатын.

Адамдардың қызығушылығын қанағаттандыру арқылы мұнайды дұрыс қолдана білу нәтижесінде жағдайын жасап алған трансұлттық корпорациялар (Рокфеллер империясы) мен өз билігін сақтап қалуды көздейтін мемлекеттер жайында сөз ететін француз журналисі Матьё Озаноның кітабы "Or noir, la grande histoire du pétrole" ("Қара алтын, мұнайдың ұлы тарихы") мұнай үшін тартыс-таластың қаншама мемлекеттің басына қауіп төндіріп, қаншама соғыс алауын тұтандырғанын бейнелейді.
Мұнайдың тарихындағы күтпеген жерден болған шытырмандар "Тақтар ойынының" сюжетінен кем емес. Тіпті, 1973 жылы қақтығыстар өрши түсті.
Бүгінде әлемде үш негізгі өндіруші ел бар — Сауд Арабиясы, АҚШ және Ресей. Олардың әрқайсысына әлемдік өндірістің 10%-ға жуығы тиесілі. Осылайша, мұнайдан түскен табыс OPEC құрамандағы ірі өндіруші елдерге тиесілі – ол түсімнің 40% басқарады. Бұл елдер үшін мұнай сатылымнынан түскен табыстың рөлі — жоғары. Өйткені, бұл оларға қоғамдық тұрақтылыққа ие болуға мүмкіндік береді.
Халықаралық мұнай компанияларының басым бөлігі Ресей мен АҚШ жерлерінде қаланды. Standard Oil – алғашқы әлемдік ірі мұнай корпорациясы, кейін Esso деп өзгертілді. Оның негізін қалаған – Джон Рокфеллер. Standard Oil АҚШ билігінің бұйрығы бойынша бірнеше филиалдарға жіктелді. Олардың бірнешеуі әлі күнге дейін жұмыс істеп тұр. Соның ішінде Exxon және Chevron компанияларын атап көрсетуге болады.
Өндіруші елдердің қатарында бұл нарыққа жақында ғана қосылған Қытай сегізінші орынға іліккен. Мемлекеттік және жартылай мемлекеттік компаниялардың арқасында Ирактағы мұнайды өндіруші басты операторға айналды. 2003 жылы АҚШ бастаған Иракка қарсы соғыстағы "нағыз жеңімпаз" Қытай екені жасырын емес.

Заманауи өндіріс
Жер ғаламшарында осы уақытқа дейін дәл қазіргідей мұнай қажеттілігі туып, дәл қазіргідей өндірген емес. 2018 жылы тамызда алғаш рет тәулігіне 100 миллион баррель мұнай өндірілген. Оны Халықаралық энергетикалық агенттік (МЭА) қыркүйектегі есебінде көрсеткен болатын. Сондықтан, мұнай өнеркәсібі – әлемдегі ірі сала екеніне таңғалуға болмайды. Оның үстіне, екінші орынға жайғасқан ірі сала автокөлікті өндірудің өзі мұнаймен тығыз байланысты.
Онда мұнай қорының азаюы мен оның сарқылғаны жөнінде әңгіме қайдан шықты? Мәселенің барлығы, күніне өндірілетін 100 миллион баррель мұнайдың құрамына тек жерге жақын орналасқан (традиционный) мұнай ғана емес, жер түбіндегі шикі мұнай да кіретіндігімен байланысты. Ал, мұнайдың ішінде ең құндысы жер бетіне жақыны екенін ескерсек, оның көрсеткішін МЭА ай сайынғы есептерде көрсетпейді (шикі мұнайдың өндірісі ғана есептеледі).

Мұнай саласында «мұнайдың пик нүктесі» деген түсінік бар. Оны Shell мұнай-газ компаниясының геолог маманы Кинг Хабберт 1956 жылы енгізген болатын. Ол Америка мұнай институтының отырысында АҚШ-ты мұнай өндіріс саласында жақын 15 жылда (70-жылдары) үлкен жетістік күтіп тұрғанын, бірақ, кейін бірден құлдырауы мүмкіндігін айтты. Оның мұнайдың пик нүктеге жетуімен байланыстырды.
Мұнай ұңғымасының жұмысын бақылай жүріп, ол алынған өнімді «қоңырау тәрізді қисықтар» арқылы бейнелеуге болатынын түсінеді: бастапқы төмен қуат көзі мұнайды тарту барысында геометриялық прогрессия бойынша артады да, өнімділіктің максимум нүктесіне жеткен бойда оның екпіні төмендей түседі. Хабберт осылайша мұнайдың кең орны барлық ұңғыманың мөлшерін, ал мемлекет қоры барлық мұнай кең орнының сомасын көрсететін түсіндеі.
Хабберттің жұмысын зерттеген соң, оның әріптестері оның теориясының жаны бар деген шешімге келеді. Ал, экономистердің басым көбі оны қолдамай, мұнай өнеркәсібі үшін ұтымды болжамдар жасауға тырысып бағады.
Дегенмен, Хабберттің айтқаны келді: АҚШ-та 1971 жылы мұнай өзінің пик нүктесіне жетеді, кейін құлдырай бастайды.
Дегенмен, Хабберттің айтқаны келді: АҚШ-та 1971 жылы мұнай өзінің пик нүктесіне жетеді, кейін құлдырай бастайды.
Соңғы жылдардағы мұнай өндірісі
МЭА зерттеуі бойынша, 2005 жылдан бастап, жер бетіне жақын орналасқан мұнай өнімі әлемдік өндірістің 80%-н құрайды. Соңғы 10 жылда Total корпорациясы шикі мұнайды өндіруге құйған үш есе көп инвестициясы ширекке қысқарды.
2017 жылы желтоқсанда Total корпорациясының бас директоры Патрик Пуянне өзінің бір сөзінде «2020 жылы мұнай жетіспеушілігі туады» деген болатын. Жыл сайын толық көлемнің қысқаруы 5%-ға бағаланған.
Жер бетіне жақын орналасқан таза мұнайдың пик нүктесіне жеткеніне 10 жылға жуық өткен. Тек мұнайдың бағысының артуы арқасында, өндірісті қолдауға жоғары көлемде инвестициялар салынып жатыр.

Қазақстандағы "қара алтын"
Басты сұрақ: