Татар халқының шайыры
Жайық – Ғабдолла Тоқайдың поэтикалық отаны
“
…Әзірге қолға түскені — мына Ғабдолла Тоқаев деген татар ақынының кітабы. Бұны мен саған әдейі жіберіп отырмын. Бұл да сен сияқты жетім болып, қорлықта өскен адам. Ақырында, өзінің тырысуының арқасында ақындықтың биік сатысына көтеріліп, бүкіл татар әдебиетінің жұлдызы болды. Түсініп оқыған кісіге Ғабдолла Тоқаевтың өлеңдерінен алатын үлгі көп. Сондықтан да саған жинағын жіберіп отырмын. Көзбен түсіне алмаған сөздеріне көңілмен түсінер деп ойладым. Тоқаевтың өмірі де, өлеңдері де саған үлгі болуына сенем. Бір үлкен арман — біздің қазақ әдебиетінің Ғабдолла Тоқаевы жоқ. Қазақ жазба әдебиетінде біз білетін өлі, тірі ақындардың біреуі де Тоқаевтың ширегіне келмейді…
Қазақ жазба әдебиетінде біз білетін өлі, тірі ақындардың біреуі де Тоқаевтың ширегіне келмейді…
Хат былай жалғасады: "…Іштей осылай намыстанып жүрген кезде, жуырда ғана бір қуанышты хабар естідім: бір күні Ғалауетденмен кеңесіп отырып, Тоқаевты айта кеп, қазақта ондай ақын жоғына реніш көңілімді баяндап ем, "бар ондай ақын!" деді Ғалауетден. "Кім?" дедім мен. "Абай Құнанбаев!" деді…"
Қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы Абай болса, қамшының сабындай ғұмырында бес том шығарма қалдырған Ғабдолла Тоқай да татар ағайындар үшін солай. Ол өмірден өгейлік көрсе де, өз халқына өгей бала еместігін ісімен де, сөзімен де дәлелдеп кетті. Бүгінде Татарстанның өнер мен әдебиет саласындағы ең үлкен мемлекеттік сыйлығы Ғабдолла Тоқайдың атында…

Жоғарыда айтып өткендей қазақтар Абайын, орыстар Пушкинін, ағылшындар Шекспирін қалай қадірлесе, татар халқы Ғабдолла Тоқайдың есімін солай шарықтатады.
Ақынға қатысты бұл теңеулер әлдеқашан қалыптасып үлгерген болса да, мен оны Лермонтовқа көбірек ұқсатамын. Поэтикалық тілінің готикалық мәнері мен айрықша атмосферасына еліте әкететін құдіреті ғана емес, екеуінің тағдырларының да ұқсас тұстары баршылық. 27-ге қараған шағында бақилық болған ақын есімі 100 жылдан астам уақыт өтсе де ұмытылған емес. Тұтас бір ұлттың атасына айналған тұлғаның қалыптасуы қазақ даласының Батысындағы Орал қаласында өтті. Осы себепті, Жайық – Тоқайдың поэтикалық отаны.

Ғабдолла Оралға келгенде жасы 9-да еді. Әкесінің қарындасы Ғазизаның қолына келген жетім бала осы жерде ғана жетіліп, қатарға қосылғандай болады. Оралдағы әйгілі ғұлама, Мысырдың Әл-Асқар университетін бітіріп келген Мүтиғолла Тухватуллиннің "Мүтиғия" медресесіне оқуға түседі. Медресе жанындағы орыс мектебінен дүниәуи ғылымдарды, орыс тілін үйренеді. Шығармашылық таланты жарқырай ашылады. Титтейінен тағдырдың ыстық — суығын көріп шыңдалған Ғабдолла сол кезден – ақ ұлт ісіне араласа бастайды.
Медреседе шығатын "Әл Ғасыр әлжәдид" ("Жаңағасыр") қолжазба журналында Ғабдолланың тырнақалды дүниелері жарияланады.
Медреседе шығатын "Әл Ғасыр әлжәдид" ("Жаңағасыр") қолжазба журналында Ғабдолланың тырнақалды дүниелері жарияланады.
Әкесі Мұхаммед Ғариф ауылдың имамы екен, шешесі Мәмдуда Ошлы аталатын ауылдың имамы Зейнетолланың қызы екен.
Ақынның Оралдағы іздерімен жүріп өтпес алдын оның өмір бастауынан біраз ақпарат ұсынғалы отырмыз. "Ғабдолла 1886 жылы Қазан оязы, Құшлауыш ауылында туады. Әкесі Мұхаммед Ғариф ауылдың имамы екен, шешесі Мәмдуда Ошлы аталатын ауылдың имамы Зейнетолланың қызы екен.
Ғабдолла бес айға толғанда әкесі өледі, шешесі Сасны атты ауылдағы молдаға күйеуге шығады да, Ғабдолланы Шарифа атты кемпірге тастап кетеді. Кейінірек шешесі ұлын қасына алады, бірақ кешікпей қайтыс болған. Жетім Ғабдолла нағашыларына қайтарылады.
Тұрмысы нашар, баласы көп Зейнетолланың әйелі Ғабдоллаға қарамағандықтан нағашысы оны Қазанға баратын біреуге "асырайтын адам табылса, берерсің" деп ертіп жібереді. Қазан базарында Ғабдолланы Мухмуд Уәлі деген бөгде бір адам асырап алған.
Ғабдолланың асырап алған әкесі мен шешесі кешікпей ауруға шалдығады да, тәрбиелей алмайтын болған соң, нағашыларына қайтарады. Безінген нағашылары оны Қаралай деген ауылдағы ұлы жоқ Сағди деген кісіге беріп жібереді. Сол ауылда ол оқуға түседі. Екі жылдан кейін асырап алған шешесі ұл табады да, Ғабдолланы шет қақпай қыла бастайды. Сол кезде оны туған ауылынан келген Бәдредден деген адам бауырсырап алып кетеді де, жұмысқа салып қояды.
"Ақыры Батыс Қазақстандағы Орал қаласында туған апасы бары естіліп, Ғабдолла соған жөнелтіледі"…
Ғабдолла Тоқай мен қазақ зиялылары
Ғабдолла Тоқай есімі қазақ оқырмандарына бұрыннан таныс. Олай дейтін себебіміз, Қазан төңкерісіне дейін қазақтар Қазан қаласынан жарыққа шыққан кітаптарды көптеп жаздырып отырды. Олардың арасында Ғабдолла Тоқайдың жырлары жазылған кітаптар да бар еді. Оның үстіне мерзімді баспасөз беттерінде де ақын өлеңдері үнемі басылып тұрды.
ХХ ғасырдың басындағы Алаш зиялылары Тоқай өлеңдерімен рухтанды, соның үлгісінде жыр жазды. Мәселен, оның "Милләтшілер" өлеңі үлгісінде Міржақып Дулатұлының "Оян, қазақ!", Сәбит Дөнентаевтың "Ұлтшылдарға" атты өлеңдері жарық көрді.

Тоқай қазақ тілінде
Ғабдолла Тоқайдың өлеңдері қазақ тілінде ең алғаш 1913 жылы "Айқап" журналының № 7 санында жарияланды. Содан бергі уақытта ақын мұрасы қазақ тілінде бірнеше мәрте жарық көрді. Атап айтар болсақ, 1925 жылы Жақан Сыздықовтың аудармасымен өлеңдері жеке кітап болып шықты. 1952-1975 жылдары өлеңдері мен поэмалары, ал 1962 жылы "Шурале" ("Жезтырнақ") өз алдына кітап болып басылды. 1965 жылы таңдамалары, 1966 жылы балаларға арналған өлеңдері баспадан шықты. Ақын өмірі мен шығармашылығына қатысты мақалалар, зерттеулер жазылды. Ғабдолла Тоқайға арнап қазақ ақындары Ж.Сыздықов "Тоқай – Қарабалықта", Т.Әлімқұлов "Ғабдолла Тоқай", Ғ.Жұмабаев "Тоқай терген әріптер" атты өлеңдер, І.Мәмбетов "Тұңғыш Тоқай" деген поэма жазды. Ақынның есімін ел есінде сақтау мақсатында әрі бауырлас екі ел арасындағы достық пен мәдени байланыстың белгісі ретінде Орал қаласында Ғабдолла Тоқай ескерткіші мен мұражайы ашылды.
Ақынның есімін ел есінде сақтау мақсатында әрі бауырлас екі ел арасындағы достық пен мәдени байланыстың белгісі ретінде Орал қаласында Ғабдолла Тоқай ескерткіші мен мұражайы ашылды.
"(Өз халқының) ауыр тұрмысына оның жаны ашиды, жақсылық қылуға жан таласады, өнер — білімге шақырады. Оның тәні ғана емес, жаны да ауырады. Осы екі ауру қабаттаса келіп, ақынның лаулаған өмірін 27 жасында сөндіреді"
Соңғы дем
Ғабдолла Клячкин ауруханасында жатыр. Науқасы күн санап меңдеп барады. Досы Шиғап Ахмер ақынның соңғы күндерін былай деп еске алады: "Ғабдолла әфенді, сіз нашарлап барасыз. Мұндай жағдайда фотоға түсу керек. Егер жазылып кетсеңіз, өзіңізде қалар. Ал дәм-тұз таусылса, достарыңызға естелік болсын" дедік. Бұған Тоқай қарсы болды. "Кейінірек, кішкене әл жиып алайын". Мен оған "Сіз орныңызда отырасыз. Сізге ешқиындық келтірмейміз" дедім. Сосын фотографты шақырдық. Бұл 1913 жылдың 1 сәуірі еді (жоғарыдағы сурет)". Ертеңінде, кешкі 8-ден 15 минут өткенде Ғабдолла Тоқайдың жүрегі соғуын тоқтатты…