"Барселона" Мадридте "Реалды" тағы ұтты

О Сансызбай Корреспондент
"Барселона" Мадридте "Реалды" тағы ұтты
Фото ©️ Reuters©

Бір апта ішінде әлем футболы жанкүйерлері екі рет Эль-Класико куәгері болды. Испания кубогы жартылай финалында "Барселона" "Реалды" 3:0 есебімен ойсырата ұтса, түнде тағы да каталондық клуб жеңіске жетті.

БӨЛІСУ

"Реал" кубок жолында кеткен есесін Испания чемпионатының ХХVI турында қайтарады деп күткен жанкүйерлер көп болды. Алайда блауграна бұл ойында да басымдығын танытып кетті.

26 минутта Иван Ракитич соққан гол "Барселонаға" жеңіс сыйлады.  


Каталондық клуб 60 ұпаймен көш басында келеді. Ал "Реал" 48 ұпаймен үшінші орында тұр. Екінші орында келе жатқан "Атлетикода" 50 ұпай бар.