ФИФА-ның символикалық құрамына енуі мүмкін футболшылар тізімі жарияланды

Тұрсынбек Раушанұлы Корреспондент
ФИФА-ның символикалық құрамына енуі мүмкін футболшылар тізімі жарияланды
Фото ©️ twitter.com

Кәсіпқой футболшылар ассоциациясының халықаралық федерациясы (FIFPro) 2018 жылғы "Жыл құрамы" қатарына енуі мүмкін 55 үміткердің тізімін жариялады. Дауыс беруге әлемнің 65 елінен 25 мың кәсіби футболшы қатысты. 

БӨЛІСУ

FIFPro 5 қақпашының, 20 қорғаушының, 15 жартылай қорғаушының және 15 шабуылшының есімін атаған. Олар: 

Қақпашылар: Джанлуиджи Буффон (Италия, «ПСЖ» / «Ювентус»), Тибо Куртуа (Бельгия, «Реал» / «Челси»), Давид Де Хеа (Испания, «Манчестер Юнайтед»), Кейлор Навас (Коста-Рика, «Реал»), Марк-Андре тер Стеген (Германия, «Барселона»); 

Қорғаушылар: Жорди Альба (Испания, «Барселона»), Дани Алвес (Бразилия, «ПСЖ»), Даниэль Карвахаль (Испания, «Реал»), Джорджо Кьеллини (Италия, «Ювентус»), Виргил ван Дейк (Голландия, «Ливерпуль»), Диего Годин (Уругвай, «Атлетико»), Матс Хуммельс, Йозуа Киммих (оба – Германия, «Бавария»), Деян Ловрен (Хорватия, «Ливерпуль»), Марсело (Бразилия, «Реал»), Йерри Мина (Колумбия, «Эвертон» / «Барселона»), Бенжамен Павар (Франция, «Штутгарт»), Жерар Пике (Испания, «Барселона»), Серхио Рамос (Испания, «Реал»), Тиаго Силва (Бразилия, «ПСЖ»), Киран Триппьер (Англия, «Тоттенхэм»), Самюэль Умтити (Франция, «Барселона»), Рафаэль Варан (Франция, «Реал»), Шиме Врсалько (Хорватия, «Интер» / «Атлетико»), Кайл Уокер (Англия, «Манчестер Сити»); 

Жартылай қорғаушылар: Серджи Бускетс (Испания, «Барселона»), Каземиро (Бразилия, «Реал»), Филиппе Коутиньо (Бразилия, «Барселона» / «Ливерпуль»), Кевин де Брюйне (Бельгия, «Манчестер Сити»), Эден Азар (Бельгия, «Челси»), Андрес Иньеста (Испания, «Виссел Кобе» / «Барселона»), Иско (Испания, «Реал»), Нголо Канте (Франция, «Челси»), Тони Кроос (Германия, «Реал»), Неманя Матич (Сербия, «Манчестер Юнайтед»), Лука Модрич (Хорватия, «Реал»), Поль Погба (Франция, «Манчестер Юнайтед»), Иван Ракитич (Хорватия, «Барселона»), Давид Сильва (Испания, «Манчестер Сити»), Артуро Видаль (Чили, «Барселона» / «Бавария»); 

Шабуылшылар: Карим Бензема (Франция, «Реал»), Эдинсон Кавани (Уругвай, «ПСЖ»), Пауло Дибала (Аргентина, «Ювентус»), Антуан Гризманн (Франция, «Атлетико»), Харри Кейн (Англия, «Тоттенхэм»), Роберт Левандовский (Польша, «Бавария»), Ромелу Лукаку (Бельгия, «Манчестер Юнайтед»), Марио Манджукич (Хорватия, «Ювентус»), Садьо Мане (Сенегал, «Ливерпуль»), Килиан Мбаппе (Франция, «ПСЖ»), Лионель Месси (Аргентина, «Барселона»), Неймар (Бразилия, «ПСЖ»), Криштиану Роналду (Португалия, «Ювентус» / «Реал»), Мохамед Салах (Египет, «Ливерпуль»), Луис Суарес (Уругвай, «Барселона»). 

24 қыркүйек күні ФИФА-ның «The Best» сыйлығының иегерлері анықталатын уақытта 11 футболшыдан тұратын символикалық құрам да жарияланатын болады. 

Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық футбол одақтары қауымдастығы (ФИФА) 2018 жылдың ең үздік футболшысына берілетін The Best марапатына үміткер 3 футболшының тізімін жарияладғанын, бұл қатарға әлемдегі ең қымбат ойыншылардың бірі Месси енбей қалғанын жазған едік.